Қазіргі таңда интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың тәсілдері күрделеніп келеді. Алаяқтар азаматтардың сеніміне кіріп, жалған инвестициялық жобаларға ақша салуды немесе белгісіз адамдарға жеке мәліметтерін беруді ұсынады. Сондықтан құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттырудың маңызы зор.
Кез келген қаржылық ұсынысты қабылдамас бұрын оның заңдылығын тексеру қажет. Жоғары пайдаға кепілдік беретін, жаңа қатысушыларды тарту арқылы табыс табуды көздейтін жобаларға ерекше сақтықпен қараған жөн. Күмәнді сілтемелерге өтпеу және бейтаныс адамдарға ақша аудармау да маңызды.
Алаяқтықтың құрбаны болған жағдайда банкке жедел хабарласып, құқық қорғау органдарына өтініш беру керек. Құқықтарын білетін және ақпаратты тексеруге дағдыланған азамат қаржылық тәуекелдерді дұрыс бағалай алады.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

