Қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықты сақтау үшін құқықбұзушылықтың салдарымен күресіп қана қоймай, оның алдын алуға да басымдық беру қажет. Бұл бағытта құқық қорғау органдары, білім беру ұйымдары, ата-аналар және жергілікті қауымдастықтар бірлесе әрекет еткені маңызды.
Түсіндіру кездесулері, жастармен жүргізілетін профилактикалық әңгімелер және құқықтық кеңестер азаматтардың заң талаптарын жақсырақ түсінуіне көмектеседі. Сонымен қатар отбасындағы тәрбие, үлкенге құрмет және өзгенің құқығын сыйлау секілді құндылықтар да құқықтық мәдениетті қалыптастыруда маңызды орын алады.
Құқықбұзушылықтың алдын алу әр адамның айналасындағы жағдайларға бейжай қарамауынан басталады. Қоғамдық тәртіпті сақтау, заңсыз әрекеттерге жол бермеу және қажет кезде тиісті органдарға хабарлау – қауіпсіз орта қалыптастырудың нақты қадамдары.
Тоғжань ЖОЛДЫҒАЛИ

