Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Қауіпсіз жол мен салауатты өмір – ортақ құндылық

Қауіпсіз жол мен салауатты өмір – ортақ құндылық

15 қаралым

Қоғамдық қауіпсіздік бірнеше бағыттағы жүйелі жұмысты талап етеді. Жол қозғалысы ережелерін сақтау, есірткі қылмысына қарсы күрес және алкогольге тәуелділіктің алдын алу – азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды шаралар.
Бұл ретте тек бақылау мен жауапкершілік шаралары жеткіліксіз. Халық арасында тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және салауатты әдеттерді қалыптастыру да қажет. Адамдар өз әрекеттерінің салдарын түсініп, қауіпсіздік талаптарын саналы түрде орындағанда ғана оң нәтижеге қол жеткізуге болады.
Әр азаматтың тәртіпке деген жауапкершілігі қоғамдық ортаның қауіпсіздігіне әсер етеді. Заңды құрметтеу, зиянды әдеттерден аулақ болу және жолда мұқият жүру – өзіңнің ғана емес, айналаңдағы адамдардың да өміріне деген құрметтің белгісі.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

↑