Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қоғаммен әріптестіктің маңызы

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қоғаммен әріптестіктің маңызы

16 қаралым

Қоғамдық қауіпсіздік – тұрақты әрі тыныш қоғамның негізгі кепілі. Оны қамтамасыз ету тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, әрбір азаматтың да ортақ жауапкершілігі болып табылады. Қоғам мен полиция арасындағы өзара сенім мен ынтымақтастық құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Азаматтар қоғамдық орындарда байқалған күмәнді жағдайлар туралы тиісті органдарға хабарлап, құқықтық тәртіпті сақтауға үлес қоса алады. Сонымен қатар тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізу, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу және қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп талқылау маңызды.

Қоғамдық қауіпсіздікке қол жеткізу үшін әрбір адам заң талаптарын сақтап, айналасындағыларға құрметпен қарауы қажет. Құқық қорғау органдары мен қоғам арасындағы серіктестік нығайған сайын, құқық бұзушылықтардың алдын алу тиімділігі де артады.


Құралбек СӘБИТОВ

↑