Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / «SAQTAN-2026»: қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік

«SAQTAN-2026»: қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік

30 қаралым

Алатау қаласындағы Келешек мектебінде жасөспірімдер арасында зиянды әдеттердің алдын алуға бағытталған профилактикалық кездесу өтті. Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «SAQTAN-2026» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.
Кездесудің басты мақсаты – жасөспірімдер арасында нашақорлық, лудомания және өзге де зиянды әдеттердің алдын алу, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушыларға зиянды әдеттердің салдары, түрлі қауіп-қатерлердің алдын алу жолдары және қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдаудың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар психологиялық қолдаудың рөліне, өз мәселелерін дер кезінде бөлісуге және қажет болған жағдайда мамандардың көмегіне жүгінуге ерекше назар аударылды.
Кездесуге 100-ге жуық оқушы қатысып, өздерін толғандырған өзекті мәселелер бойынша пайдалы ақпарат алды. Мұндай профилактикалық іс-шаралар жастардың саналы таңдау жасауына, құқықтық мәдениетінің қалыптасуына және қоғамдағы қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
«SAQTAN-2026» жобасы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен, «Paryz еріктілері» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда.
Жобаның негізгі міндеттерінің бірі – жас ұрпақтың қауіпсіздігін нығайту, зиянды әдеттердің алдын алу және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.


Шыңғыс Исмаилов

Алатау қалалық білім бөлімінің әдіскері

↑