Перейти к содержимому
Басты бет / Әлеумет / «Менің Отаным – менің мақтанышым!» патриоттық челленджі өтті

«Менің Отаным – менің мақтанышым!» патриоттық челленджі өтті

34 қаралым

Алматы облысы, Алатау қаласының Жетіген ықшам ауданындағы №6 орта мектептің 8-сынып оқушылары 25 қазан – Республика күніне орай «Менің Отаным – менің мақтанышым!» атты патриоттық челлендж ұйымдастырды.


Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру, туған елге деген сүйіспеншілікті арттыру, ел бірлігі мен тәуелсіздіктің қадірін дәріптеу.
Патриоттық челлендж аясында оқушылар өз Отанына деген мақтаныш сезімдерін білдіріп, Қазақстанның жетістіктерін, ұлттық құндылықтарын және ел болашағына деген сенімдерін насихаттады.

Роза Үмбетова

Алатау қаласы

↑