Перейти к содержимому

Бейжайлыққа жол жоқ

19 қаралым

Қоғамдағы тәртіп әр адамның күнделікті әрекетінен басталады. Кейде қарапайым ескерту, уақытылы хабарлау немесе көмекке мұқтаж адамға қолдау көрсету үлкен қауіптің алдын алуы мүмкін. Сондықтан қоғамдық ортадағы жағдайларға бейжай қарамау – азаматтық жауапкершіліктің белгісі.

Ауладағы, көшедегі және көпшілік жиналатын орындардағы тәртіпті сақтау тұрғындардың ортақ міндетіне айналуы тиіс. Қоғамдық мүлікті бүлдірмеу, өзгелердің тыныштығын құрметтеу, заңсыз әрекеттерге көз жұма қарамау – қауіпсіз ортаның негізгі шарттары.

Сонымен қатар тұрғындар мен полиция арасындағы байланысты нығайту қажет. Азаматтар өздерін толғандырған мәселелерді тиісті органдарға жеткізіп, құқық бұзушылықтың алдын алуға атсалыса алады. Мұндай өзара әрекет сенімді арттырып, ортақ мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Қоғамның қауіпсіздігі әр адамның ұстанымына байланысты. Заңға құрмет пен өзара жауапкершілік орныққан жерде тәртіп те берік болады.

Ерзат АСЫЛ

↑