Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Заңды білу – қауіпсіздіктің бастауы

Заңды білу – қауіпсіздіктің бастауы

18 қаралым

Құқықтық сауаттылық – азаматтың өз құқығын қорғауына және міндетін дұрыс орындауына мүмкіндік беретін маңызды білім. Заң талаптарын білу тек құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне емес, қоғамның әр мүшесіне қажет.

Күнделікті өмірде кездесетін көптеген мәселе заң нормаларын білмеуден немесе оларға немқұрайлы қараудан туындайды. Қоғамдық тәртіпті бұзу, өзгенің құқығына қол сұғу, жауапкершіліктен жалтару секілді әрекеттердің салдары әрдайым ескерілуі керек.

Осы бағытта құқықтық түсіндіру жұмыстарының рөлі ерекше. Мектептерде, колледждерде және еңбек ұжымдарында өткізілетін кездесулер азаматтарға заң талаптарын түсінуге көмектеседі. Әсіресе жасөспірімдерге құқық пен міндеттің арақатынасын түсіндіру олардың жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.

Заңды құрметтеу жазадан қорқумен ғана шектелмеуі тиіс. Ол адамның ішкі мәдениеті мен қоғам алдындағы жауапкершілігінен көрінуі қажет.

ЕРЗАТ АСЫЛ

↑