Отбасы – адамның мінезі мен өмірлік ұстанымы қалыптасатын алғашқы орта. Бала үлкендердің әрекетін бақылап, олардың қарым-қатынасынан үлгі алады. Сол себепті үйдегі тәрбие мен өзара сыйластықтың қоғамдық тәртіпке де әсері бар.
Балаларға кішкентай кезінен өзгенің құқығын құрметтеуді, жанжалды бейбіт жолмен шешуді және жасаған әрекетіне жауап беруді үйрету қажет. Қаталдық пен қорқытуға негізделген тәрбие емес, түсіндіру мен сенімге құрылған қарым-қатынас баланың жауапкершілігін арттырады.
Сонымен қатар ата-аналар баланың кіммен араласатынына, бос уақытын қалай өткізетініне және интернеттегі әрекетіне назар аударғаны жөн. Бұл баланы шамадан тыс бақылау деген сөз емес, оның қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауды білдіреді.
Құқық бұзушылықтың алдын алу жазалау шараларымен ғана шектелмейді. Оның негізінде дұрыс тәрбие, құқықтық сауаттылық және өзара құрмет жатыр. Осындай құндылықтар орныққан отбасында өскен бала қоғамға да жауапкершілікпен қарайды.
Ерзат АСЫЛ

