Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Алатау қаласында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында профилактикалық кездесу өткізілді

Алатау қаласында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында профилактикалық кездесу өткізілді

31 қаралым

Алматы облысы, Алатау қаласында «Заң және тәртіп» құндылығы аясында 8–11-сынып оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.

Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу, құқық бұзушылықтың алдын алу және оқушылардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

Іс-шара барысында мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау, қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстау, айналасындағыларға құрметпен қарау және әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар оқушыларға өз құқықтары мен міндеттерін білу, құқық бұзушылықтың салдарын түсіну және кез келген жағдайда заң талаптарын сақтау қажеттігі түсіндірілді.

Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды. Ашық пікір алмасу арқылы жасөспірімдер құқықтық жауапкершіліктің маңызын түсініп, күнделікті өмірде тәртіп пен қауіпсіздік қағидаларын ұстанудың қажеттілігіне назар аударды.

Осындай профилактикалық кездесулер жас ұрпақтың бойында заңға құрмет, жауапкершілік, тәртіптілік және азаматтық сана қалыптастыруға ықпал етеді. «Заң және тәртіп» қағидаты аясында жүргізілетін жұмыстардың басты мақсаты – құқықтық мәдениеті жоғары, саналы әрі жауапты ұрпақ тәрбиелеу.
Толқын Одашқызы

Алатау қаласы

↑