Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / «Таза Қазақстан»: Алатау қаласында сенбілік өтті

«Таза Қазақстан»: Алатау қаласында сенбілік өтті

27 қаралым

Алматы облысы, Алатау қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында қаланың бірнеше шағын ауданында сенбілік ұйымдастырылды.

Экологиялық акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қала аумағын абаттандыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Сенбілік барысында қатысушылар шағын аудандардың аумақтарын қоқыстан тазалап, көшелер мен қоғамдық орындардың тазалығына үлес қосты. Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау, тұрмыстық қалдықтарды ретімен жинау және туған қаланың көркеюіне атсалысу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мұндай игі бастамалар қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға ғана емес, тұрғындардың туған жерге деген жанашырлығын арттыруға да ықпал етеді. Тазалық – баршамызға ортақ жауапкершілік. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау мен қоғамдық орындарды таза ұстау әрбір азаматтың күнделікті әдетіне айналуы тиіс.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткізілген сенбілік Алатау қаласының көркеюіне бағытталған ортақ іске тұрғындарды жұмылдырып, экологиялық жауапкершілікті нығайтуға өз үлесін қосты.

Таза қала – жайлы өмірдің кепілі. Қоршаған ортаны таза ұстау – әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз!
Риза Саурбаева,

Алатау қаласы

↑