Елдің тазалығы мен сәулеті ең алдымен әрбір шаңырақтың ішкі мәдениетінен бастау алады. «Таза Қазақстан» акциясының басты мұраты – тек көшелерді қоқыстан тазарту емес, әрбір азаматтың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Балаға «қоқысты жерге тастама» деп айту жеткіліксіз, ең бастысы – ата-ананың жеке үлгісі. Отбасында қалдықтарды сұрыптау, табиғатқа шыққанда артынан тазалап кету, су мен энергияны үнемдеу сияқты қарапайым әдеттер қалыптасса, бала да өскенде туған жерін құрметтейтін болады. Табиғатқа жанашырлықпен қарау – ата-бабамыздан келе жатқан «Обап болады», «Судың да сұрауы бар» деген асыл ұғымдардың заманауи көрінісі.
Жасыл әрі таза елде өмір сүру – әрбір отбасының ортақ тілегі. Ал ол тілекті шындыққа айналдыру өз үйімізден, өз ауламыздан басталады.
ТОҒЖАН ЖОЛДЫҒАЛИ

