Перейти к содержимому
Басты бет / Таза Қазақстан / Қоқыссыз орта – мәдениетті қоғамның белгісі

Қоқыссыз орта – мәдениетті қоғамның белгісі

17 қаралым

Қоғамдық орындардың тазалығы тұрғындардың мәдениеті мен жауапкершілігін көрсетеді. Қоқысты бейберекет тастау қоршаған ортаны ластап қана қоймай, адамдардың өмір сүру сапасына да кері әсер етеді. Сондықтан тұрмыстық қалдықтарды арнайы жәшіктерге тастап, мүмкіндігінше оларды сұрыптау дағдысын қалыптастыру қажет. «Таза Қазақстан» бастамасы азаматтарды қоршаған ортаны қорғауға және ортақ кеңістікті таза ұстауға шақырады. Тазалықты күнделікті әдетке айналдырған қоғамның болашағы да жарқын болады.

Ерзат АСЫЛ

↑