Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / ІЛЕ АУДАНЫНДА «ДЕМАЛЫС» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

ІЛЕ АУДАНЫНДА «ДЕМАЛЫС» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

51 қаралым

Іле ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылғы 29–31 қазан аралығында «Демалыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ балаларға қатысты құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесу.

Іс-шара аясында кәмелетке толмағандардың кешкі және түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруіне қатысты заңнама талаптарының сақталуына назар аударылып, құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін күшейтуге басымдық беріледі.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қоғамның ортақ міндеті. Осыған орай ата-аналарға балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың қайда жүргенін бақылауға, қауіпсіздігіне бейжай қарамауға кеңес беріледі.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Іле ауданы

↑