Заңды бұзу кейде бір сәттік әрекет болып көрінгенімен, оның салдары ұзаққа созылуы мүмкін. Қоғамдық тәртіпті бұзу, бөтеннің мүлкіне зиян келтіру немесе азаматтардың тыныштығын бұзу жауапсыздыққа жатады. Әрбір құқық бұзушылық заң аясында бағаланып, тиісті шара қолданылуы мүмкін. Заң талаптарын білу адамды көптеген қиындықтан сақтайды. Тәртіпті қоғам – жауапкершілікті азаматтардан құралады.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

