Тұрғын үй кезегінде тұрғандар үшін қандай қызметтер қолжетімді? Кезек нөмірін қалай тексеруге болады? Қандай құжаттар қажет және өтінішті қалай рәсімдеу керек? Осы және өзге де сұрақтарға Қонаев қаласында өткен «Қызмет алушылар күні» аясында жауап берілді.
Іс-шара тұрғын үй саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіруге, азаматтардың мәселелерін тыңдап, оларды шешу жолдары бойынша бағыт-бағдар беруге арналды.
Кездесу барысында тұрғындар сала мамандарына тікелей жүгініп, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. Нәтижесінде 100-ден астам азаматқа консультациялық көмек көрсетілді.
Мамандар тұрғын үй кезегіне тұру, кезектегі реттік нөмірді тексеру, қажетті құжаттарды рәсімдеу, өтініш беру тәртібі және электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалану жолдарын түсіндірді.
Мұндай кездесулер тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтып, азаматтардың қажетті ақпаратты тікелей мамандардан алуына мүмкіндік береді.
«Алатау – Ақпарат»

