Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Интернет-алаяқтардың тұзағына түспеңіз!

Интернет-алаяқтардың тұзағына түспеңіз!

18 қаралым

Цифрлық технологиялар дамыған сайын интернет-алаяқтардың да айласы көбеюде. Өзін «банк қызметкерімін» немесе «құқық қорғау органынанмын» деп таныстырып, SMS-код сұрайтындарға ешқашан сенбеңіз. Сондай-ақ, күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және жеке деректеріңізді, банк картасының CVV-кодын бөгде адамдарға бермеңіз. Ғаламтордағы тауарды сатып аларда алдын ала төлем жасауға асықпаңыз. Есіңізде болсын: банк қызметкерлері ешқашан телефон арқылы құпия кодтарды сұрамайды.

ЕРЗАТ АСЫЛ

↑