Перейти к содержимому

Ақын ұрпағы дауыс берді

45 қаралым


Бүгін Шолаққарғалы ауылдық округіне қарасты Үмбетәлі ауылындағы №325 сайлау учаскесінде қазақтың көрнекті халық ақыны, жыр дүлділі Үмбетәлі Кәрібаевтың ұрпақтары өз таңдауларын жасады.
Ұлы тұлғаның ізін жалғаған әулет өкілдері маңызды саяси науқанға белсене қатысып, туған жердің болашағы мен елдің өркендеуі жолында дауыс берді.
«Ел болашағына бейжай қарамай, әрбір азамат өз таңдауын жасауы тиіс. Бұл – ата-баба аманатына деген адалдық пен туған өлкеге деген жанашырлықтың көрінісі», – дейді ақын ұрпағы Әуелбек Ысқақов.

↑