Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Құрметті журналисі, Жамбыл ауданының, Талдықорған қаласының және Алматы облысының Құрметті азаматы Күмісжан Құдайбергенқызы Байжан Ұзынағаш ауылындағы өз сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.
Ел дамуы мен өңірдің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан ардагер журналист азаматтық белсенділік танытып, барша аудан тұрғындарын маңызды саяси науқаннан тыс қалмауға шақырды.
«Әрбір азаматтың дауысы – ел ертеңіне қосылған үлес. Туған жеріміздің гүлденуі мен тұрақтылығы үшін таңдау жасау – ортақ парызымыз», ؘ– деді Күмісжан Құдайбергенқызы.
«Алатау – Ақпарат»

