Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Ғасыр жасаған әже сайлауда дауыс берді

Ғасыр жасаған әже сайлауда дауыс берді

35 қаралым

Райымбек ауданында мәслихат депутаттарын сайлау науқаны өтуде. Маңызды саяси науқанға аудан тұрғындарымен қатар, жасы үлкен қариялар да қатысып, өз таңдауларын жасауда.
Сайлау учаскесіне келіп, дауыс бергендердің қатарында биыл 103 жасқа толған Нұрахынова Раушан әже де бар. Ғасырлық ғұмыр иесі №781 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасап, азаматтық міндетін орындады.
Бір ғасырлық тарихтың куәсі болған Раушан әженің сайлауға қатысуы – жас ұрпақ үшін тағылымы мол көрініс. Сан қилы кезеңді бастан өткеріп, ел өміріндегі талай өзгерістің куәсі болған қазыналы қарияның қоғамдық маңызы бар науқаннан тыс қалмауы азаматтық белсенділіктің жаспен шектелмейтінін аңғартады.
Ғасыр жасаған әженің сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруі – ел өміріне деген жауапкершіліктің, биік азаматтық ұстанымның көрінісі.

Ақерке БИЖАН
Райымбек ауданы

↑