Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Әр адамның таңдау жасауға құқығы бар

Әр адамның таңдау жасауға құқығы бар

51 қаралым


Мәслихат депутаттарының сайлауында мүгедектігі бар азаматтар да назардан тыс қалмады. Алматы облысындағы «Самға» сауықтыру орталығының негізін қалаушы Марат Абдуллаев – ел болашағына бейжай қарамайтын азамат. Ол Қонаев қаласындағы №938 учаскесіне келіп дауыс берді.
«Мен үнемі саяси науқанға қатысамын. Дауыс беру – кез келген азаматтың парызы. Азаматтар елінде болып жатқан өзгерістерге бей-жай қарамауы керек. Учаскеге келіп дауыс беру мен үшін еш қиындық тудырған жоқ. Өйткені, ғимаратта мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп-тұруына жағдай жасалған. Бүгін мұнда ел болашағын ойлайтын, нағыз патриот адамдар келді деп ойлаймын. Сайлау билік пен халықтың арасын жақындата түседі. Мәслихаттар жергілікті бюджетті бекітіп, өңірлердің дамуын бақылайды. Депутаттардың жауапкершілігін арттыру мәслихаттардың кәсібилігі мен тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді. Жаңартылған мәслихаттар азаматтардың жергілікті жердегі әл-ауқатын жақсарту мәселелерімен белсенді айналысатын білікті депутаттар корпусына айналуы тиіс деген ойдамын. Еліміздің болашағы нұрлы болсын!» – дейді Марат Бекенұлы.
Ерзат АСЫЛ
Қонаев қаласы

↑