Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / ҒАСЫР ЖАСАҒАН ӘЖЕ ӨЗ ШАҢЫРАҒЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

ҒАСЫР ЖАСАҒАН ӘЖЕ ӨЗ ШАҢЫРАҒЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

39 қаралым



Бүгін өтіп жатқан мәслихат депутаттарының сайлауында Кеген ауданы Ұзынбұлақ ауылының тұрғыны, тыл ардагері, 104 жастағы Күлпара Шортанова өз шаңырағында дауыс берді. Осылайша ғасырдан астам ғұмыр кешіп, талай тарихи кезеңнің куәсі болған ақ жаулықты әже ел болашағына бейжай қарамай, немере-шөберелерінің жарқын келешегі үшін өз таңдауын жасады.
Кейуананың өтінішіне сәйкес, №573 сайлау учаскесінің комиссия мүшелері үйіне арнайы барып, дауыс беруіне барлық қажетті жағдайды жасады.
Сайлау комиссиясының өкілдері бюллетень мен дауыс беру жәшігін жеткізіп, әжейдің өз таңдауын жасауына мүмкіндік берді.
Бүгінде Күлпара әже 39 немере, 73 шөбере және 7 шөпшектің қызығын көріп отырған ардақты ана, үлкен әулеттің ақылшысы. Ғасыр жасаған әженің ел тағдырына бейжай қарамай, сайлауға қатысуы – өскелең ұрпаққа өнеге, азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісі.

↑