Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Жиделі ауылында медицина қызметкерлері дауыс берді

Жиделі ауылында медицина қызметкерлері дауыс берді

21 қаралым

Балқаш ауданына қарасты Жиделі ауылында мәслихат депутаттарын сайлау науқаны жалғасуда. Бүгін сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасаған тұрғындардың қатарында медицина саласының қызметкерлері де бар.

Күнделікті ауыл тұрғындарының денсаулығын қорғау жолында еңбек ететін ақ халатты абзал жандар қоғамдық өмірге де белсенді араласып келеді. Олар бүгін сайлау учаскесіне келіп, азаматтық ұстанымдарын білдіріп, өз таңдауларын жасады.

Медицина қызметкерлері үшін де ауыл инфрақұрылымын дамыту, медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері маңызды.

Жібек ЖЕКСЕМБЕК

Балқаш ауданы

↑