Перейти к содержимому

Еңбек адамының таңдауы

35 қаралым

Есік қаласындағы №6 қазақ орта мектеп-лицейінде орналасқан №125 сайлау учаскесінде де жұмыс қызу. Аталған сайлау учаскесіне «Алатау жарық компаниясы» АҚ қызметкері, Еңбекшіқазақ ауданының белсенді азаматы Асқар Талқамбаев та дауыс беруге келді.
Бүкіл еңбек жолын энергетика саласына арнаған Асқар Әділбекұлы 1995 жылдан бері «Алатау жарық компаниясы» АҚ-ның Есік қаласындағы аудандық электр желілері кәсіпорнында еңбек етіп келеді.
Еңбек жолын бақылаушы қызметінен бастаған ол кейін электромонтер, шебер болып жұмыс істеді. Қазіргі уақытта еңбекті қорғау жөніндегі инспектор қызметін атқарады. Электр қондырғыларын пайдалану, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және еңбекті қорғау салаларында мол тәжірибе жинақтаған. Оның кәсіби жолы – таңдаған мамандығына адалдықтың, үнемі ізденіп, кәсіби тұрғыдан дамудың және еңбек қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараудың жарқын үлгісі.
«Қоғамдағы тұрақтылық, бейбіт өмір, елдің өсіп-өркендеуі – мұның барлығы азаматтардың таңдауына тікелей байланысты. Сондықтан дұрыс таңдау жасап, болашаққа жауапкершілікпен қарауымыз қажет», – дейді Асқар Әділбекұлы.

Құралай Мұратқызы
Еңбекшіқазақ ауданы

↑