Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Ұлы Отан соғысының ардагері өз таңдауын жасады

Ұлы Отан соғысының ардагері өз таңдауын жасады

39 қаралым

Бүгін Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында мәслихат депутаттарын сайлауға 99 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Федор Емельянович Ковалев қатысты. №268 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері майдангердің үйіне арнайы барып, оған дауыс беру мүмкіндігін ұйымдастырды.

Ардагердің өмір жолында бір ғасырға жуық тарих жатыр. Ол сұрапыл соғыс жылдарын, соғыстан кейінгі кезеңді бастан өткеріп, еліміздегі талай тарихи өзгерістің куәсі болды. Бүгінде жасы ұлғайғанына қарамастан, Федор Емельянович туған өлкесінің қоғамдық өміріне қызығушылық танытып, азаматтық құқығын пайдалануды жалғастырып келеді.

Майдангермен жүздесу сайлау комиссиясының мүшелері үшін Жеңіс ұрпағының өкіліне ерлігі мен ел алдындағы еңбегі үшін алғыс білдіруге де мүмкіндік болды. Қонақтар ардагерге зор денсаулық, сергек көңіл күй, ұзақ ғұмыр мен амандық тіледі.

«Алатау – Ақпарат»

↑