⛅
6°C
Қонаев
Сенбі, Қараша 22, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Өнеркәсіптегі қауіпсіздік талаптары бұзылған жоқ

    05.02.2024
    in Барлық жаңалықтар, Қауіпсіздік, Төтенше жағдай
    Өнеркәсіптегі қауіпсіздік талаптары бұзылған жоқ
    0
    SHARES
    25
    VIEWS

    Алматы облысында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі

    Өндірісте апатты оқиғалардың негізгі себептері өнеркәсіпте қауіпсіздік талаптарын сақтамаудан туындайды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің салааралық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Ерлан Қадыров баяндады.

    Аталған департамент ҚР “Азаматтық қорғау туралы” Заңына сәйкес мемлекеттік қызметтің төрт түрін ұсынады. Атап айтсақ, есепке қою және есептен шығару, қауіпті өндіріс нысанын салуға, реконструкциялауға, жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу істері атқарылады. Сонымен қатар, жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру, емтихан алатын комиссия мүшелерінің білімін тексеру де ТЖД-ның салааралық бақылау және қадағалау бөлімінің құзырында.

    Спикердің айтуынша, былтыр қауіпті өндіріс нысандарын салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға қатысты 117 жоба қаралып, көпшілігіне (103 жобаға) рұқсат берілді. Ал, техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару бойынша департаментке 983 өтініш келіп түссе, 27 өтініш бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізуге қатысты болған.

    ҚР Азаматтық қорғау туралы Заңының 79-бабына сәйкес, өнеркәсіптегі қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары мен заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының мүшелері уәкілетті орган белгілеген тәртіппен үш жылда бір рет емтихан тапсырып, нәтижесіне қарай сертификат алып отырады.

    Ерлан Қадыровтың сөзінше, 2023 жылы және биыл жыл басынан бері облыс бойынша өнеркәсіптегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заң бұзушылықтар тіркелмеген.

    Еске салайық, қызметтерді алу үшін өтініштерді “электрондық үкіметтің” веб-порталы арқылы жіберуге болады.

    Ұсынымдар

    Жедел штаб жұмыс істейді

    Жедел штаб жұмыс істейді

    2 years ago
    Болашақ ұрпақ газетке бет бұрады

    Болашақ ұрпақ газетке бет бұрады

    2 years ago
    Сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет

    Сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет

    1 year ago
    Ауылшаруашылығы саласындағы кәсіпкерлермен кездесу. Астана, 21 ақпан 2023 жыл.

    Елордада ауылшаруашылығының мәселелері мен даму келешегі талқыланды

    3 years ago
    Жаңа спорт кешені ашылды

    Жаңа спорт кешені ашылды

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>