-13 °c
Qonaev
Thursday, August 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Бюджет қаржысын бақылау балабақшадан басталады

    06.02.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Өңір тынысы
    Бюджет қаржысын бақылау балабақшадан басталады
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Алматы облысында балабақшаларға арналған пилоттық жобасы іске қосылады. Жоба Іле және Еңбекшіқазақ аудандарында бастау алады деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.
    Алматы облысында халық саны көп болғандықтан мектеп жасына дейінгі бала саны да басым. Бүгінде аймақта 1150 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның 84,4 пайызы жекеменшік балабақша. Жалпы, 2-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткіші 93,7 пайызды құрайды. Мектепке дейінгі білім мекемелерінде орын тапшы болғандықтан әлі күнге дейін балабақшада кезекте тұрған бүлдіршіндер жетерлік. Кез келген саланы дамытудың басты факторы — қаржы. Сол себепті, бюджет қаржысын оңтайлы пайдалану үшін арнайы тетік ойластырылуда.

    Жауапты мамандар балабақшадағы барлық жұмысты бақылаудың басты жолы интеллектуалды биометриялық сәйкестендіру деп аталатын жоба екенін айтады. Аталмыш жоба балалардың жеке меншік балабақшаларға баруын есепке алуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, мектепке дейінгі ұйымдарда жан басына шаққандағы қаржыландыруға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалған,я жұмсалмағанын анықтауға болады.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында сапалы жаңа мемлекеттік сатып алу жүйесін енгізу бойынша тапсырма берген. Осыған байланысты, Цифрлық технологиялар басқармасы білім беру саласында аталған мәселелерді шешуге арналған жан-жақты қарастырылған жоба әзірледі. “Жобаның артықшылығына тоқталатын болсақ, біріншіден, ел арасында жоғары сенімділік туғызады. Екіншіден, интеграцияның ыңғайлылығы мен бюджет шығындарын оңтайландыруға септігін тигізеді. Жүйе пилоттық режимде Іле және Еңбекшіқазақ аудандарында іске асырылады деп жоспарланған”,- деді Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Жандос Сәбит.

    Еске салайық, жүйе облыс әкімінің тапсырмасы бойынша қолданысқа өтеді. Мамандар пилоттық жобаны үш ай көлемінде бақылауға алатынын жеткізді. Оң нәтиже берсе, облыс көлемінде іске қосылады.

    Ұсынымдар

    Жиырма жылдық белес

    Жиырма жылдық белес

    6 months ago
    Көп қабатты үйлерде газ баллонын қолдануға тыйым салынады

    Көп қабатты үйлерде газ баллонын қолдануға тыйым салынады

    1 year ago
    Абай облысындағы өрттен қаза тапқандардың аты-жөні анықталды

    Өртте қаза тапқан орманшылар марапатталды

    2 years ago
    Алғыс арқалады

    Алғыс арқалады

    1 year ago
    Президент қазақстандықтарды Конституция күніне орай құттықтады

    Дала заңымен үндескен

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>