-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Денсаулық

    Алматы облысында папиллома вирусына қарсы 30 мың вакцина алынады

    01.03.2024
    in Денсаулық
    Алматы облысында папиллома вирусына қарсы 30 мың вакцина алынады
    0
    SHARES
    22
    VIEWS

    Жатыр мойнының обыры әйел адамдарда кездесетін онкологиялық аурулардың үштігіне кіреді. Дерттің негізгі себебі — жыныстық жолмен берілетін папиллома вирусы. Вирус симптомсыз дамиды. Ауру белгілері байқалса, бұл бірінші, немесе төртінші сатысынан хабар беретіні туралы Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Саулет Капсаламова баяндады.

    Адамда папиллома вирусының 200-ден аса түрі бар. Соның ішінде 14-і онкогенді саналады. Әсіресе, ең қауіпті түрі 16 және 18-вирустар.
    “Вирустың 90 пайызы жыныстық жолмен таралады. Мәселен, қыз тұрмысқа шыққаннан кейін жолдасынан вирус жұқтыруы мүмкін. Сол себепті онкогенді папиллома вирусы тек жатыр мойны обырына әкеп соғады деп ойлау – қате түсінік. Ер адам да жыныс мүшесі қатерлі ісігіне шалдығуы мүмкін”, – деп түсіндірді Саулет Қапмаласова.
    Сондай-ақ, онкогенді папиллома вирусы тік ішек, бас және мойын обырына алып келуі ықтимал.

    Вирустың алдын алу жолы — вакцина. 2024 жылдың 2 тоқсанынан бастап 11 жасар қыздарға вирусқа қарсы екпе жүргізіледі.
    Қазіргі таңда Алматы облысында 15 мың жасөспірім қыз бар. Ал вакцинаның 30 мың дозасын сатып алу жоспарланған.
    “Екпе екі кезең жүргізіледі. Алғашқысы қыз бала 11 жасқа толғанда, екіншісі бір жылдан кейін жасалады. Вакциналау ұлттық екпе кестесіне енгізілді. Бірақ вакциналау ата-ананың рұқсатымен жүргізіледі”, деп қортындылады спикер.

    Ұсынымдар

    Бір шаңырақ астында

    Бір шаңырақ астында

    1 year ago
    Алматы облысында көлік-логистикалық орталық ашылды

    Алматы облысында көлік-логистикалық орталық ашылды

    2 years ago
    Жаураған ұстаз. Дірдектеген оқушы

    Жаураған ұстаз. Дірдектеген оқушы

    1 year ago
    Тарихи шешім санамызды жаңғыртады – “Алтын адам”

    Тарихи шешім санамызды жаңғыртады – “Алтын адам”

    8 months ago
    Мейірім мерекесі

    Мейірім мерекесі

    3 days ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.