«AMANAT» партиясы облыстық филиалының өңірлік даму жөніндегі кеңес отырысы өтті. Жиынға облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Аслан Көбентаев, «Өңірлік даму» жөніндегі кеңес төрағасы Ләззат Тұрлашов, аудан әкімдері, кеңес мүшелері қатысты.
Отырысты ашқан «AMANAT» партиясы облыстық филиалының өңірлік даму жөніндегі кеңесінің төрағасы Ләззат Тұрлашов комиссияның жаңа құрамымен таныстырып өтіп, күн тәртібінде «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында «Ауыл – ел бесігі» жобасының жүзеге асуы бойынша Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Іле аудандары әкімдерінің есебі тыңдалатынын жеткізді.
Алғашқы кезекте Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас баяндама жасады. Ол «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында ауылдық елдімекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндетті шешу көзделгенін атап өтті.
«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 2019 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін 36 жобаны жүзеге асыруға бюджеттен 13,8 млрд теңге бөлінген. 2019, 2020, 2021 жылдары 4 жобадан жүзеге асса, 2022 жылы 10 жобаны іске асыру көзделіп, Ақтерек, Үлгілі, Самсы, Тарғап ауылдарын газдандыру, Самсы, Қарғалы, Қарасу ауылдарындағы орта мектептерді күрделі жөндеуден өткізу, Самсы, Тарғап, Қарғалы ауылдарының жаңа тұрғын аймағын электрлендіру және Шиен ауылындағы Мәдениет үйін жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Былтыр 11 жоба жүзеге асырылып, Қайназар, Жаңақұрылыс, Қасымбек, Үмбетәлі ауылдарының 26,4 шақырым құрайтын ауылішілік автомобиль жолдары жасалған. Қарақастек ауылында спорт кешенінің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. Қасымбек, Ынтымақ, Шолаққарғалы, Қастек ауылдарының ауызсу жүйесінің құрылысы мен қайта жаңғырту, Үлгілі, Шиен ауылдарының Мәдениет үйлерінің құрылыс жұмысы басталған, бұлар биылғы жылы аяқталмақ. Биыл тағы 4 жоба іске асырылмақ.
Келесі кезекте Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары Ертай Нұрмаханов есеп беріп, «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының Жол картасында жоспарланған 57 көрсеткіштің өткен жылға 35-i жоспарланып, 30-ы орындалғанына, 5-еуі орындалу сатысында екеніне тоқталды. Оның негізінде ауданда 4 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Жаңа бизнес идеяларға арналған грантқа 52 тұрғын қол жеткізген. Yшауысымды мектептердiң мәселесiн жою мақсатында 1500 орынды мектеп ашылып, қолданысқа берiлген. 13 ауылда блокты-модульды фельдчерлiк амбулаториялар және медициналық пункттер ашылған. Тәртiп сақшыларына арналған 7 елдi мекенде тұрғын үймен бiрiктipiлген учаскелiк полиция пункттері қолданысқа берiлген. Өткен жылы барлық санаттағы 511 шақырым жолды жөндеуге 4,3 млрд теңге бөлініп, 489,7 шақырым (95,8%) жол жөнделген.
«Ауыл аманаты» жобасы аясында 104 адам төменпайыздық несие алған. Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 141 техника сатып алынған. Ауыл шаруашылығы саласында 1521 адам жұмыспен қамтылған. «Жер аманаты» жобасы аясында 121,2 мың гектар пайдаланылмай жатқан жерлер анықталып, оның 61,7 мың гектары кайтарылған. Туризмді дамытуда «Батан» келушілер орталығының құрылысы аяқталып, іске қосылған, жаңа 5 жұмыс орны ашылған.
Жастарды спортқа баулу мақсатында Шелек және Ащысай ауылдарында денешынықтыру, сауықтыру кешендерінің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар 2 білім беру мекемесі күрделі жөндеуден өтуде.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы щеңберінде былтыр ауданда 22 жоба іске асырылған, оның ішінде 18 жоба аяқталып, 4 жоба 2024 жылға ауысқан.
Шелек ауылында блокты-модульды қазандықтар орнату бойынша 3 жоба іске асырылған, 8 ауылға көше жарығы орнатылған. Жол жөндеу бойынша 11 жоба жоспарланып, 7-еуі аяқталған, 4 жоба биылғы жылы аяқталмақ.
Бұдан соң Іле ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Мәмбетжановқа сөз берілді. Ол «Ауыл ел – бесігі» бойынша ауданда биыл 15 жобаны іске асыру жоспарланып отырғанын, оның 2-еуі білім саласына,13-і жол саласына қатысты екеніне тоқталды. Өткен жылы 8 жоба қолға алынып, оның ішінде, ауызсу жүйелері құрылысы бойынша бір жоба, кәріз жүйелері құрылысы бойынша 2 жоба, электр желілері құрылысы бойынша 4 жоба және көше жарық шамдары бойынша бір жоба іске асырылған. Аталған жобалар аясында ұзындығы 75,2 шақырым электр желілерінің құрылысы жүргізіліп 13 трансформаторлық құрылғы орнатылған. Сондай-ақ, Өтеген батыр ауылында 5 шақырым көше жарықшамдарын салуға 71,3 млн тг бөлінген. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып жалпы саны 169 жарық шамы орнатылған. Биыл 13 ауылдағы 31,5 шақырымды құрайтын 53 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек.
Жиынды қорытындылаған Ләззат Мақатұлы аудан әкімдеріне көше жолдарын жөндеуге, жарықтандыруға қатысты ұсынысын білдіріп, қай жобаның да сапалы орындалып, бюджетке шығын келтірмеу жағын ойластыру керектігін жеткізді. Ал, депутаттар жүзеге асырылатын жобалардың дұрыс орындалуын бақылауда ұстауы қажеттігін алға тартты. Отырыстың күн тәртібіне енгізілген мәселелер толығымен қаралып, сын-ескертпелер де айтылды.
Алма Есенбай