-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Мереке

    Абзал жандар ардақталды

    08.03.2024
    in Мереке
    Абзал жандар ардақталды
    0
    SHARES
    18
    VIEWS

    Қонаев қалалық Мәдениет үйінде шұғылалы көктемнің шуақты мерекелерінің бірі – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік шарада сөз алған облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев әйелдер қауымын құттықтап, жылы лебізін білдірді.
    – Тәуелсіздік алғаннан бері әйелдердің экономикадағы, саясат пен қоғамдық қызметтегі рөлі жыл сайын артуда. Облыста 370 мыңға жуық әйел әр салада аянбай еңбек етіп, өңірдің дамуына мол үлес қосып келеді. Қалыптасқан дәстүр бойынша білім, медицина, халықты әлеуметтік қорғау салаларын әйелдерсіз елестету мүмкін емес. Осындай басымдық қызмет көрсету секторында да байқалады. Мұнда ер адамдардың үлесі 35 пайызға дейін қысқарған. Ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамдардың бестен бірі әйелдерді құрап отыр. Кәсіпкерлік саласында тек былтырғы жылдың өзінде бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін берілетін қайтарымсыз 260 гранттың 160-ын әйелдер жеңіп алған. Бүгінде облыс көлемінде 70 мыңға жуық көпбалалы ана бар. Олардың 20 мыңға жуығы – «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегері. Солардың бірі – Қонаев қаласының тұрғыны, соғыс ардагері Оксана Бетебаева жеңіс жолындағы борышын абыроймен атқарды. Қан майданның куәгері болған ол кісінің антына адалдығы, ісіне беріктігі – жас буынға өнеге. Ақын, күміскөмей әнші әрі композитор Кенен Әзірбаевтың қызы, білім саласының ардагері Төрткен Кененқызы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, тіл жанашыры Асылы Осман, мәдениет саласының ардагері Ханымжан Сұлтанқұлова елге қызметтің бейнесі іспеттес, – деген облыс басшысы ел үшін елеңдеп, мемлекеттің дамуы жолында қалтықсыз қызмет етіп жүрген бірқатар нәзік жанды жерлестеріміздің әрқайсысының жетістіктерін келелі әңгімесіне арқау етті.

    Марат Елеусізұлы сахна төрінде облыстық мәслихат депутаты Әсел Төлепбергеноваға, Іле аудандық мәслихатының депутаты Маржан Омароваға, Еңбекшіқазақ аудандық әйелдер және демография бойынша ұлттық комиссия мүшесі Шолпан Қасымбаеваға, Қарасай аудандық кәсіптік білім және ғылым ұйымының жетекшісі Сара Байбосыноваға, Қонаев қаласындағы «Умка» балалар орталығының басшысы Евгения Ефименкоға ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының Алғыс хатын табыс етті. Сонымен қатар, облыстық қаржы басқармасының басшысы Бибігүл Ұзақова, балқаштық білім саласының ардагері Балқия Әділханова, Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылындағы мектеп мұғалімі Ирина Таркова, Кеген ауылдық аналар кеңесінің төрағасы ғалия Сатаева, Нарынқол шекара бөлімшесінің 2-мобильдік топ барлаушысы Индира Шоғанбай, Қонаев қалалық ауруханасының директоры Айман Рақышева, қарасайлық көпбалалы ана Айнұр Ибадуллаева, ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Жұмаш Ибраева, ҚР Мәдениет саласының үздігі Салтанат Жамбылова облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ, Жамбыл аудандық ауруханасының мейірбикесі Ләззат Әлирақинова, Ұйғыр аудандық Мәдениет үйінің қызметкері Анар Сайдалимова, Талғар ауданы Панфилов ауылындағы №17 орта мектептің мүғалімі Наталья Тифанциди, Іле ауданындағы «Dolce-Pharm» ЖШС директоры Сәуле Макишева, облыс прокурорының аға көмекшісі Алмагүл Қалысқызы, полиция департаментінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Жанар Көптілеуова, төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағының құтқарушы-медбикесі Марина Сариева, жер қатынастары басқармасының бас маманы Гүлдана Ұзақбаева облыс әкімінің Алғыс хатын иеленді.

    Салтанатты жиын соңы Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен мерекелік концертке ұласты.

    Айжарық Көптілеуов,
    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Ұстаз шапағаты

    Ұстаз шапағаты

    11 months ago
    Ынтымақтастық  нығаяды

    Ынтымақтастық нығаяды

    4 months ago
    Тұрғын үй құрылысынан зейнетақыны көбейтуге дейін: 2024 жылы Үкіметтің әлеуметтік қолдауының негізгі шаралары

    Тұрғын үй құрылысынан зейнетақыны көбейтуге дейін: 2024 жылы Үкіметтің әлеуметтік қолдауының негізгі шаралары

    6 months ago
    “СДУ-ге грант ұтып ал!” эссе байқауы өтеді

    “СДУ-ге грант ұтып ал!” эссе байқауы өтеді

    2 years ago
    Жаңа шаңырақ шаттығы

    Жаңа шаңырақ шаттығы

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>