-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Архив – халықтың шежіресі

    16.03.2024
    in Барлық жаңалықтар, Тарих
    Архив – халықтың шежіресі

    Фото: egemen.kz

    0
    SHARES
    15
    VIEWS

    Биыл Балқаш аудандық архив мекемесінің құрылғанына 35 жыл толды. Осынау айтулы мерекеге орай Балқаш аудандық кітапханасының оқу залында «Тарихи мекеменің тарихы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

    Шарада алғашқы сөз кезегін алған «Алматы облысының мемлекеттік архиві» мекемесі Балқаш филиалының директоры Ақтоты Айнақұлова 35 жылдық шежірені, ұжымның құрылуы және осы уақыт ішінде атқарылған жүйелі жұмыстар жайында қысқаша баяндама жасап шықты. Баяндама барысында Ақтоты Мұхтарханқызы осы жылдар бедерінде тарихи мекеменің тасының өрге домалауына сүбелі үлесін қосып, басшылық қызмет атқарған Райгүл Дулатбаева, Зәмзәгүл Жылгелдиева, Ардақ Ормышева және Ғалия Исаевалардың есімдерін ерекше атап өтті. Сонымен қатар архивтегі әр құжатты мұқият сақтап, оларды ұрпақтан ұрпаққа аманат ететін архив қызметкерлерінің еңбегі орасан екеніне баса тоқталды.
    Келесі кезекте сөз алған Балқаш аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гүлзат Сәлімжанова: «Қай елдің болсын қоғамдық-саяси, экономикалық, рухани өмірі, жалпы бар болмыс-тіршілігі құжаттарынан көрініс тауып, уақыт өте келе тарихына айналатыны белгілі. Уақыт еншісіндегі байлықты ұрпақтан ұрпаққа жеткізу, оны тиісінше сақтау және қоғам мүддесіне пайдалануды ұйымдастыру – архивтер мен архившінің мақсаты. Ал сол мақсатты біздің архившілер абыроймен атқарып келе жатқанына кәміл сенеміз. Шындығында да тарихты жасайтын – халық, сақтайтын – архив. Олай болса, архив, архивтік құжаттар қай кезде де маңыздылығын жоғалтпайды», – деп аудандық архив мекемесінің 35 жылдық мерекесімен құттықтап, Ақтоты Мұхтарханқызына аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады.
    Шараға арнайы шақырылған Бақанас ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мұқанғали Қожабеков, Балқаш аудандық кітапхана директоры Қаракөз Жұмаділова бастаған қонақтар сөз кезегін алып, өздерінің жүрекжарды ақ тілектерін білдірді.
    Тарихи құжаттарды қаз-қалпында сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан мекеменің 35 жылдық мерекесінде аудандық Мәдениет үйінің қызметкері Алмабек Садықов әннен шашу шашып, шара көрігін қыздыра түсті.

    Бақтығали Дәуітбаев,
    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Тілсіз жаудан құтқарды

    Тілсіз жаудан құтқарды

    11 months ago
    Жалған ақпарат жарға жығады

    Жалған ақпарат жарға жығады

    11 months ago
    Қонаевта 44 мың текше метрден астам қар шығарылды

    Қонаевта 44 мың текше метрден астам қар шығарылды

    1 year ago
    Ұлттық Олимпиада комитетінің мерейтойымен құттықтады

    Ұлттық Олимпиада комитетінің мерейтойымен құттықтады

    2 years ago
    Қазақтың келіні

    Қазақтың келіні

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>