-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    “Наурыздың” тұрғындары

    21.03.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Өңір тынысы
    “Наурыздың” тұрғындары
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Наурызды тойлауға 1926 жылы тыйым салынғаннан кейін, араға 62 жыл салып барып,тек 1988 жылы ғана төл мерекемізбен қайта қауышқан едік. Сонда елімізде алғашқы болып Алматы қаласы мен Алматы облысының Жамбыл ауданында Ұлыстың ұлы күні үлкен халықтық мейрам ретінде өткізілді. Қарғалы ауылының шетіндегі кең жазықта тойланған сол әз-Наурызаға буынның әлі есінде.

    Одан бері 36 жыл сырғып өтті. Көп дүние өзгерді, қоғамдық формация алмасты, қазақ елі тәуелсіз мемлекет атанды. Ел дамуымен бірге Қарғалы ауылының да керегесі кеңіп, дәл сол жерде «Наурыз» ықшамауданы пайда болды. Қазір онда 5 мыңнан астам адам қоныстанған.Ежелден келе жатқан мерекенің қайта жандануының құрметіне тұрғындардың өздеріосылай атап кеткен еді. Содан барып ресми құжаттарда да Қарғалы ауылының «Наурыз» ықшамауданы деп жазылып жүр. Мұндағы көшелерге де «Атамекен», «Бастау», «Шаңырақ», «Сұңқар», «Бұғымүйіз»деген әдемі атаулар берілген.Халыққа қызмет көрсететін көптеген орындар бар. Дүкен, автокөлік жөндеу орталығы, қоғамдық монша, көрпе тігу цехы сияқты әртүрлі коммерциялық насандар жұмыс істейді. Өткен жылы «Еуразия» сауда үйі бөлімшесі іске қосылып, «Туысқандар» атты тағы бір дүкен ашылды.

    Ал бұрнағы жылдары осы жазықтың тау жағында «Наурыз» бау-бақша қоғамы болатын. Ол кеңестік кезеңде атағы дүркіреген«Қарғалы» шұға комбинатының жұмысшыларына саяжай салу үшін берілген жер телімдерінің басын біріктірген ұйым еді. Кезінде бүкіл одақ бойынша ірі өндіріс орны саналған аталған комбинатта бірнеше мың адам еңбек еткен, тоқырау заманында жұмысы тоқтаған. Сол саяжай алқабы кейіннен халықтың қысы-жазы тұратын тұрақты мекеніне айналып, жеке тұрғын үйлер көптеп бой көтерді. Негізінен тарихи Отанына оралған қандастар мен еліміздің өзге өңірлерінен көшіп келушілер есебінен іргесі кеңейе келе, жазыққа қанат жайып, Қарғалы мен Ұзынағаш ауылдарының арасындағы күре жолға дейін жетті.

    Сол кезде «Наурыз саяжайлары» аталған аумақта ауызсу, жол, электр қуаты сияқты мәселелер туындап, біраз жыл бойы тұрғындар мен жергілікті атқамінерлердің бас ауруына айналған болатын. Кейінгі жылдары Қарғалыға қосылып, елдімекен мәртебесіналғаннан кейін осы «Наурыз» ықшамауданында мемлекет күшімен инфрақұрылым жүргізіле бастады. Тұрғындар көше жолдары, жарық, су, табиғи газ сияқты игіліктерге қол жеткізді.

    Қазір мұнда дарынды балаларға арналған жаңа мектеп-лицей бар. Алайда, халық санының өсіміне байланысты ауылда мектеп тапшылығы қатты сезілуде. Наурыздықтардың көбі балаларын үйлерінен алыс орналасқан мектептерде оқытуға мәжбүр. Халық саны 30 мыңнан асқан Қарғалыда 5 мектеп болса да оқушыларға тарлық етуде. Өзекті мәселені оңтайлы шешу үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жаңадан екі мектеп салу жоспарланып, соның бірі «Наурыз» ықшам ауданынан бой көтеретін болды. 900 орындық орта білім ұясының құрылысы былтыр басталды.

    Бір таңданарлығы, осынша халқы бар үлкен елдімекенде әлі күнге дейін Мәдениет үйі жоқ. 90-жылдардың басында «Қарғалы» шұға комбинатының қаржысына салына бастаған клуб құрылысы орта жолда тоқтап қалып, одан жеке меншіктің қолына өткеннен кейін деталай жыл қаңқасы қаңырап босқа тұрып, ақыр аяғында жарамсыз күйге түскен. Енді бұл мәселені шешудің де реті келіпті. Заманауи жаңа Мәдениет үйіне лайықты орын «Наурыз» ықшамауданынан табылды. Халық көптен күткен рухани ошақтың құрылысы жақын күндері қолға алынады. Мемлекеттің қолдауына ие болған «Наурыз» ықшамауданының болашағы жарқын.

    Серік Сатыбалдиев,
    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    У ПОДВИГА НЕТ СРОКА ДАВНОСТИ

    У ПОДВИГА НЕТ СРОКА ДАВНОСТИ

    1 year ago
    Жемқорлық дерегі азаймай тұр

    Жемқорлық дерегі азаймай тұр

    1 year ago
    Шаттық сыйлады

    Шаттық сыйлады

    5 months ago
    Более 300 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в акции “Таза Казахстан”

    Более 300 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в акции “Таза Казахстан”

    1 year ago
    Мемлекеттік басқару академиясында биыл қандай өзгеріс бар?

    Мемлекеттік басқару академиясында биыл қандай өзгеріс бар?

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>