☀️
-0°C
Қонаев
Жұма, Наурыз 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Тоғызқұмалақтан облыстық чемпионат өтті

    13.04.2024
    in Барлық жаңалықтар, Өңір тынысы, Спорт
    Тоғызқұмалақтан облыстық чемпионат өтті
    0
    SHARES
    58
    VIEWS

    Ұлттық құндылықты ұлықтау ұрпақтардың еншісінде екендігі белгілі. Өткенімізді дәріптеп, ұмыт болған дәстүрімізді жаңғырту басты парызымыз. Бабаларымыздан жалғасып, сан қилы заман өтсе де, бүгінімізге бүлінбей жеткен ұлттық ойынның орны ерекше. Ұлттық ойындарымызды елімізде және обылысымызда дамыту, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға жағдай жасау, салауатты өмір салтын ұстану мақсатында Ұйғыр ауданында тоғызқұмалақтан Алматы облысының жасөспірімдер кубогы өтті. Абай атындағы Шонжы орта мектебінде ұйымдастырылған ұлттық ойын 9-12 сәуір аралығында өтті. Бұған облыстың сегіз ауданынан 150 спортшы қатысып, бақ сынасты. Ой мен математиканы, логиканы ұштастыратын ұлттық ойында қарсыласынан айласын асырып, оза шапқандар іріктелді. Мұндай облыстық жарыстардың маңызы зор. Себебі осындай чемпионатта іріктелген өрендер алдағы уақытта облыстың намысын қорғайды. Жас спортшыларымызға алдағы уақытта да тек сәттілік тілейміз.

    Аталған жарысқа аудан әкімінің орынбасары Қадыржан Исаханұлы, Respublica партиясының Алматы облыстық филалының төрағасы және Алматы облысы тоғызқұмалақ федерациясының президенті Жарас Ниязбек, тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының спорт шебері және ардагері Күлсін Мұсаева, бас төреші Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ернұр Әлиакбар және Алматы облысының аға жаттықтырушысы Болтай Адият қатысып, спортшыларға ізгі тілектерін жолдады. Осындай жарыстарды ұйымдастыруда қолдау білдіріп жүрген, балалардың дамуына ерекше көңіл бөлетін жандардың бірі – Алматы облыстық мәслихатының депутаты, Art Production жетекшісі Гүлжан Нұрбекқызы. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған жарыстың жеңімпаздары медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Облыстағы тоғызқұмалақ спорты соңғы уақытта жақсы дамып келеді. Жастар мен жасөспірімдердің аталған ойынға қызығушылығы да артқан. Алдағы уақытта жарыс додасынан оза шапқан жас қырандар ел мерейін асырады деген сеніміміз мол.

    Соңғы жаңалықтар

    Өрт сөндіру бекеті ашылды
    13.03.2026
    КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ТӨЛЕ БИ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
    13.03.2026
    Ел қуанышы еселенді
    13.03.2026
    ОРК: азаматтардың өтініштері бойынша комиссиялардың шешімдеріне шағымдар түспеген
    13.03.2026
    Бүгін үгіт аяқталады: ОРК референдум алдындағы заң талаптарын еске салды
    13.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>