-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тазалыққа жастар да үлес қосты

    18.04.2024
    in Барлық жаңалықтар, Экология
    Тазалыққа жастар да үлес қосты
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    «Таза Қазақстан» акциясына Қарасай ауданының жастары да белсене қатысуда. Атап айтқанда, Жарқынай Сәдуова жетекшілік ететін аудандық жастар ресурсы орталығы мүшелерінің ұйымдастыруымен тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

    Алдын ала белгіленгендей, бұл акция жеке-жеке атауы бар бес апталық шара ретінде өткізілмекші. Мысалы, 13-ші сәуірде аяқталған «Таза өлке» іс-шарасы аулалар мен үй маңындағы күл-қоқысты шығаруға бағытталған. 20-шы сәуірге дейін жүргізілетін «Киелі мекен» акциясы аудан аумағында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштердің айналасын абаттандыруға арналады. «Жасыл аймақ» деген атау алған үшінші аптада негізінен көгалдандыру, жас көшеттерді отырғызып, талдардың діндерін әктеу жұмыстары қолға алынады. Ал «Өнегелі ұрпақ» акциясы мамыр айының 4-не дейін жалғасып, мұнда жастар ардагерлер тұратын ауланы тазалауға көмектесіп, қарттар үйінің аумағын абаттандыруды жоспарлап отыр. Ең соңындағы «Мөлдір бұлақ» деп аталатын бесінші аптада аудан арқылы ағып өтетін өзендер арнасын тазартады.
    – Еліміз бойынша бастау алған «Таза Қазақстан» республикалық акциясының бірінші аптасын біз «Менің спорт алаңым» деп атап, балалар алаңы мен воркауттардың айналасын ретке келтіруге бағыттадық, – дейді Жарқынай Сәдуова.

    Тазалық жұмыстарына Қарасай ауданында орналасқан «Аяжан Қарасай» медициналық колледжі мен Санжар Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжі студенттерінен құрылған еріктілер де өз үлестерін қосуда. Санжар Жандосов атындағы кәсіптік-техникалық колледжінің 2-курс студенті Батырбек Өтениязов еріктілер тобының белсенді мүшелерінің бірі.
    – Мен өлкемізде «Таза Қазақстан» акциясының басталғанына өте қуаныштымын. Басқа ауылдар мен қалаларда бұл мәселе қалай шешілетінін білмедім, бірақ Қаскелең қаласында тазалық жайы қатты алаңдатады. Оның басты себебі – тұрғындар мәдениетінің төмендігі демеске амалым жоқ. Сондықтан осындай акцияларды жиі өткізген дұрыс деп ойлаймын. Оған атсалысқан әр адам қоршаған ортаға, өздері тұратын аулалар мен көшелердің тазалығына бейжай қарамайтын болады, – дейді ол.

    Шара аясында алдағы уақытта «Тазалық – денсаулық кепілі!», «Мәдениет – тазалықтан басталады!» атты және басқа да іс-шаралар атқару жоспарланып отыр.

    Қуат Қайранбаев,
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында әйелдер мен балалардың әл-ауқаты зерттеледі

    Алматы облысында әйелдер мен балалардың әл-ауқаты зерттеледі

    9 months ago
    Ислам және исламофобия: қиындықтар мен мүмкіндіктер

    Ислам және исламофобия: қиындықтар мен мүмкіндіктер

    1 year ago
    Жастармен жүздесу

    Жастармен жүздесу

    9 months ago
    Қонаев көркейіп келеді

    Қонаев көркейіп келеді

    3 months ago
    Облыстағы білім саласына қатысты мәселелер талқыланды

    Облыстағы білім саласына қатысты мәселелер талқыланды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.