Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының отырысы өтті. Еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты , биылғы сессия онлайн-форматта өтті.
Президент өз сөзінде біздің елдегі бірлік пен қоғамдық келісімнің бастауы – Қазақстан халқының ортақ тарихы екендігін, ғасырлар бойы тағдыр талайына ұшыраған халықтарды құшағына сыйдыра білген қасиетті Ұлы Дала көптеген ұлыс пен ұлттың құтты қонысына айналғандығын атап өтті. Мемлекет басшысының сөзінше, соңғы жылдары Ассамблеяның қызметі айтарлықтай өзгеріп, қоғамдағы аса маңызды институтқа және этномәдени бірлестіктердің бас штабына айналған. Мемлекеттің тұтастығын сақтаудағы негізгі тұтқалардың бірі – этносаралық татулық, өзара келісім, ынтымақ пен бірлік ішкі саясаттағы басты бағыт. Ауданымыздағы 5 этно мәдени бірлестік этносаралық татулық пен тұрақтылыққа өз үлесін қосып келеді. Көпэтносты Қазақстан үшін тұрақтылықты, этносаралық келісімді қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі, әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды жүргізудің негізгі міндеті екені бүгінгі Ассамблея отырсында тағы бір мәрте қайталанды.
«Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан аумағының жартысын тасқын су басып қалды. Еліміздің мызғымас бірлігі осы қиын күндерде айқын көрінді», – Мемлекет басшысы. Мызғымас бірліктің алынбас қамал екені анық.
Бағдат Рахимов,
«AMANAT» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының төрағасы