-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Бақылаушысыз сайлау өтпек емес

    19.03.2023
    in Барлық жаңалықтар
    Бақылаушысыз сайлау өтпек емес

    Фото: Серік Сатыбалдиев

    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Аудан орталығы Ұзынағаш ауылындағы мектептердің бірқатарында екі сайлау учаскесінен орналасқан. Солардың бірі – жүз жылға жуық тарихы бар Тұрар Рысқұлов атындағы білім шаңырағы. Мұнда №263 және №264 сайлау учаскелері жұмыс істейді.

    Мектептің спорт залында орналасқан №263 сайлау учаскесінде 2438 сайлаушы, ал негізгі корпустағы №264-учаскеде 2852 сайлаушы бүгін өз таңдауларын жасамақ. Барлығын қосқанда бұл ғимаратта ертеңгі сағат 7.00 мен кешкі 20.00 аралығында 5290 азаматтың саяси таңдауы анықталуы тиіс. Жұмыс, әрине, өте ауқымды. Жауапкершілікті сезінген екі комиссияның мүшелерінде тыным жоқ. Азаматтардың заңға сәйкес дауыс беру тәртібінің сақталуы, жеке адамның құқығының бұзылмауы үшін әр сәтті қалт жібермеуге тырысып жатқанына куә болдық.

    Бұл мектепте 2239 оқушы білім алады, оларға 216 мұғалім дәріс береді. Мектеп директоры Эльмира Мақашеваның өзі №264 сайлау учаскесінің төрағасы ретінде жауапты саяси науқанның жоғары жеңгейде ұйымдастырылып, дұрыс өткізілуі үшін басы-қасында жүр. Дауыс беру үрдісін таңертеңнен бастап қалт жібермей қадағалап отырған бақылаушыларды көрдік. Олардың «Ақ жол», «Республика» саяси партияларынан, «Мұқалмас» қоғамдық бірлестігінен екенін білдік.
    Дауыс беруге ертелетіп келгендердің бірі – Ұзынағаш ауылының тұрғыны Сұлу Жанқабылованы сөзге тарттық.

    – Еліміздегі саяси шараға қатысуды өзімнің азаматтық парызым деп есептеймін. Еліміздің бүгіні мен болашағына немқұрайды қарамауымыз керек. Қазақ елін өркендетуге өз үлесін қосады-ау деген үміткерлерге сенім артуымыз қажет. Сол үшін өзімнің қалауымды білдіруге келіп, таңдауымды жасадым. Еліміз өркендеп, жоғары дамыған мемлекеттердің қатарына қосылса екен дейміз. Ол үшін заң шығарушы жоғарғы жақтағы және жергілікті лауазымдарға, яғни депутаттыққа білімді, іскер, отанымызға адал азаматтарды сайлауымыз керек, – дейді Сұлу Жанқабылова.

    Серік САТЫЮАЛДИЕВ
    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Жолдың жайын жүрген білер

    Жолдың жайын жүрген білер

    1 year ago
    Егіз қыздар ерледі

    Егіз қыздар ерледі

    2 years ago
    Ауыл әкімдері сайланды

    Ауыл әкімдері сайланды

    2 years ago
    Қазақстан—Ресей ынтымақтастығының тарихы бай және болашағы жарқын — Президент

    Қазақстан—Ресей ынтымақтастығының тарихы бай және болашағы жарқын — Президент

    2 years ago
    Бітіру кешін жайдары өткізу түлектердің өз қолында

    Бітіру кешін жайдары өткізу түлектердің өз қолында

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>