-13 °c
Qonaev
Tuesday, July 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Қанатын кеңге жайған

    13.05.2024
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Қанатын кеңге жайған

    Фото: eldala.kz

    0
    SHARES
    40
    VIEWS

    Елімізге белгілі «Байсерке-Агро» көпсалалы агрохолдингі сүт өнімдерін өндірумен қатар, мал, құс шаруашылығы бағытында да жұмыс істейді. Бұған қоса егіншілік және жем-шөп өсірумен де айналысады. Холдинг басшылығы келешекте негізгі өнім – сүт көлемін екі есе ұлғайтуды мақсат етіп отыр. Бұған Алматы облысында 2022-2026 жылдары мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы жүргізіп жатқан инвестициялық бағдарлама көп көмегін тигізбек.

    «Қонаев» ӘКК» АҚ PR-менеджері Руслан Ескендірдің айтуынша, корпорация холдингтің қазір жұмыс істеп тұрған тауарлы сүт фермасын кеңейтіп, мұндағы сауын сиырлардың санын 750 басқа жеткізу және сүт өндірісі көлемін екі есе көбейту үшін қаржы бөлген. Корпорация Алматы облысындағы «Ауыл аманаты» мемлекеттік микронесиелеу бағдарламасын іске асыру жөніндегі сенім білдірілген агент болып саналады. Бұл бағдарлама ауыл тұрғындарының әл-ауқат деңгейін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік әлеуетін ашуға бағытталған.
    – ӘКК тек қаржы бөліп қоймай, оның нақты іске жұмсалып, уақытылы жүзеге асырылуын да тұрақты қадағалап, мониторинг жүргізіп отырады. Бүгінгі іссапарымның мақсаты да сол – тікелей фермада болып, бөлінген қаржының дұрыс жұмсалып жатқанына көз жеткізу. Жалпы Алматы облысындағы тауарлы сүт фермаларын несиелендіру бойынша мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға 15 млрд теңге бөлінген. Бүгінгі күнге жалпы сомасы 12,5 млрд теңге болатын 9 жобаның өтінімдері мақұлданды, соның ішінде 4 тауарлы сүт фермасы 3 млрд теңгеге қаржыландырылды. Бұл жұмыстар әрі қарай да жалғаса береді, – дейді корпорация өкілі.
    Талғар ауданында орналасқан «Байсерке-Агро» компаниясы, міне, 20 жыл бойы Алматы қаласы мен облысында орналасқан сүт өңдеу кәсіпорындарын сапалы шикізатпен қамтамасыз етіп келеді. Мұндағы роботтандырылған сүт кешенінде асыл тұқымды голштино-фриз қара-ала сиырлары күтіп-бағылады. Әр сиырдан тәулігіне орташа 32 литр, жалпы 10,5-11 тонна сүт сауылады. «Қонаев» ӘКК» АҚ-ның қаржы құралдарының арқасында өткен жылдан бастап сүт фермасын кеңейту басталды. Бұл жұмыстар жайында сүт кешенінің меңгерушісі Марлен Омаров жан-жақты айтып берді.
    – «Байсерке-Агро» компаниясы «Қонаев» ӘКК» АҚ-дан 500 миллион теңге жеңілдетілген несие алды. Оны біз 10 жыл мерзім ішінде өтеуіміз керек. Пайыздық мөлшерлемесі бар болғаны – 2,5 пайыз, дерлік тегін деген сөз. Компанияны кеңейту жұмыстары жүргізіліп, өз қаржымызды қора-қопсы, басқа да нысандарды жөндеу үшін жұмсап қойғандықтан, бұл бізге мал басын көбейту, қажетті құрал-жабдықтар сатып алу үшін өте тиімді болып тұр. Біз 405 миллион теңгеге 300 бас асыл тұқымды сауын сиыр сатып алып, олардың жалпы санын және сүт өндіру көлемін екі есе көбейтпекпіз. Қазірге дейін Ақтөбедегі «Айс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 33 бас құнажын келді, тағы 33 басы жолда келе жатыр. Ай соңына дейін – 100, ал жыл соңына дейін қалған 200 бас асыл тұымды малды алып боламыз. Несиенің қалған 95 миллион теңгесіне құрал-жабдықтар сатып аламыз. Әрі арзан, әрі қомақты тиімді несие осылай мал басын көбейтумен бірге роботтандырылған сүт кешенін замануи құрал-саймандармен жабдықтауға да үлкен септігін тигізіп, өнім өндіру көлемін де еселемек, – дейді ол.
    Қазір отандық экономика алдында алдағы бес жылда ішкі жалпы өнім көлемін екі есе ұлғайту міндеті тұр. Ал «Байсерке-Агро» бұл межені жақын жылдар ішінде бағындырмақ.

    Құтмағамбет Қонысбай,
    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Өнерге құштар өрендер

    Өнерге құштар өрендер

    5 months ago
    Әлемді тамсандырған Шарын шатқалы

    Әлемді тамсандырған Шарын шатқалы

    5 months ago
    Қонаевта көпқабатты үйдің шатыры өртеніп, 210 адам эвакуацияланды

    Қонаевта көпқабатты үйдің шатыры өртеніп, 210 адам эвакуацияланды

    2 years ago
    АХАҢНЫҢ ЖОЛЫН ҚУҒАН

    АХАҢНЫҢ ЖОЛЫН ҚУҒАН

    9 months ago
    Аспап жасаудың шебері

    Аспап жасаудың шебері

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.