-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Дауыс беруге алғашқылар болып үлкендер келді

    19.03.2023
    in Барлық жаңалықтар, Сайлау-2023
    Дауыс беруге алғашқылар болып үлкендер келді
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Ынтымақ ауылындағы Сағындық Оспанов атындағы орта мектебінің ғимаратында орналасқан №277 сайлау учаскесінде 1313 сайлаушы тіркелген. Мұнда жастары 18-ге толған 8 азамат алғаш рет дауыс берді.

    Аталған сайлау комиссиясының төрайымы Қарлығаш Нәдірбекованың айтуынша, таңғы сағат 7-де басталған саяси науқанға ең алдымен үлкендер келіпті. Дауыс берудің басталған сәтіне куә болып, алғашқы таңдауларын жасаған да ауылдың қадірлі қариялары екен. Ауыл ардагерлері бұл науқанның еліміз үшін қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеді. Олар тұрғындардың мұндай істен қалыс қалмай, әркім өз қалауын білдіру керектігін жастарға үнемі айтып жүреді. Бұл ретте сайлау орнына бірінші болып келулерінің өзі де сол айтқандарын ісімен дәлелдеудің бір жарқын көрінісіндей. Артта өсіп келе жатқан жас ұрпақ олардың мұнысын көріп, олар да ел тағдырына қатысты шарадан қалмауға тырысатыны сөзсіз.

    Аталған сайлау учаскесіндегі бес адамнан құралған комиссия мүшелері мұнда таң бозынан келіпті. Алтыдан аса оларға тиісті бюллетендер бөліп беріліп, жұмысқа сақадай сай тұрған. Сағат жетіде комиссия келушілерді қабылдай бастады. Бұл ауылда халықтың саяси науқанға қатысу белсенділігі жоғары. Түске дейін сайлаушылардың біраз бөлігі өз таңдауларын жасап үлгерді. Аудан орталығына жақын орналасқан аядай ауылда денсаулығына байланысты үйлерінен екі сайлаушы дауыс береді. Оларға комиссия мүшелері арнайы жылжымалы жәшік ала барады.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ
    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысы спортшысы қысқы Азия ойындарында жүлделі болды

    Алматы облысы спортшысы қысқы Азия ойындарында жүлделі болды

    4 months ago
    Қонаев қаласында қандай мамандар тапшы?

    Қонаев қаласында қандай мамандар тапшы?

    2 months ago
    Бүгінгі күннің батыры: Жолаушылар өмірін сақтап қалған оқушыға құрмет көрсетілді

    Бүгінгі күннің батыры: Жолаушылар өмірін сақтап қалған оқушыға құрмет көрсетілді

    2 years ago
    Төтенше жағдай төнбесін

    Төтенше жағдай төнбесін

    7 months ago
    Amalbooks баспасы тағы бір кітаппен толықты

    Amalbooks баспасы тағы бір кітаппен толықты

    1 week ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.