⛅
3°C
Қонаев
Дүйсенбі, Қараша 17, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Мереке

    Бақыт деген – балалардың күлкісі

    31.05.2024
    in Мереке
    Бақыт деген – балалардың күлкісі
    0
    SHARES
    12
    VIEWS

    Талғар қаласындағы Мәдениет үйінде Respublica партиясы және Алматы облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Гүлжан Түсібиянованың  ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара өтті. Аудан, қала мектептерінен жиналған 400 бастауыш сынып оқушылары мен олардың ата-аналары өнер мектептерінің кішкентай қатысушылары мен цирк артистерінің концертін тамашалап, қыран-топан күлкіге батты.

    Шара басында Respublica партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Жарас Ниязбек және облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер Гүлжан Түсібиянова сөз алып, аудандағы ең үлкен мәдениет ошағын лық толтырған бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарын аталмыш мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.

    – Бүкіл мерекелердің ішінде өз басым осы 1 маусым – Балалар қорғау күнін ерекше жақсы көремін. Себебі балалардың титтей бір нәрседен қуанғанын, шаттанғанын, риясыз күлгенін көргенде өзіміз де солармен бірге  қуанышқа, бақытқа бөленеміз, көңіліміз толып марқаямыз. Бәріміздің үйімізде баламыз бар. Біз де сіздер сияқты бала болғанбыз, біз де балмұздақ жегенді, қызықты концерт көргенді, қыдырғанды жақсы көрдік. Ал халқымызда балалы үй – базар, бала – өмірдің сәні деген керемет тұжырымдар бар. Балалар – біздің болашағымыз. Сондықтан да Балаларды қорғау күні ерекше мереке. Сіздерді осы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Еліміз аман, болашақтарыңыз жарқын болсын! Келешегіміздің кемел болуы сіздердің – бүгінгі бүлдіршіндердің, бүгінгі балалардың жақсы тәрбие алуы, жақсы білім алуына байланысты. Сол себепті алдыңғы буын – үлкен ағаларымыз, әпкелеріміз сіздерге өнегелі тәрбие, озық білім беруге ерекше назар аударуы керек. Біз сіздерді жақсы көреміз, мерекелеріңіз құтты болсын! – деді еліміздегі ең жас партияның облыстағы жетекшісі.

    Одан соң аудан көлемінде DamuBala бағдарламасы бойынша бірнеше өнер мектептері мен үйірмелер ашып, балалардың жастайынан өнерлі болуына, жан-жақты дамуына бағытталған игі істердің ұйытқысы болып жүрген кәсіпкер, облыстық мәслихат депутаты Гүлжан Түсібиянова іс-шара қатысушыларын мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

    Мерекелік шараның ең негізгі және қызықты бөлігі – цирк өнерпаздарының концерті болды. Ерекше жанрды еркін меңгерген және балалардың бір сәтке де назарын басқа жаққа аудармай, сахнадағы үдерісті көз алмай қарап отыруы үшін олардың өздерін де әртүрлі сұрақтар қою арқылы үнемі қатыстырып отырған өнер иелерінің шеберлігіне балалар да, оларды ертіп келген ата-аналары мен аға-әпкелері де әбден риза болды.

    Шараны ұйымдастырушылар бала десе балмұздақ еске түсетінін де ұмытпапты. Respublica партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Бақтияр Қабасов осы саяси ұйым атынан балаларға 400 балмұздақ таратты. Осылай тегін қызықты концерт көріп, тәттілігі тіл үйіретін тегін балмұздақ жеген бүлдіршіндер жүздері бал-бұл жанып, шын мәнінде бақытқа бөленіп, шат-шадыман қуаныш пен күлкіге кенелді. Осындай сәтті өз көзіңмен көріп, бүкіл өн бойың, жүрегіңмен сезінгенде бақыт деген – балалардың күлкісі екенін анық мойындайды екенсің. Өз басым осындай күй кештім!

    Құтмағамбет Қонысбай,

    Талғар ауданы

     

    1 of 7
    - +

    1.

    2.

    3.

    4.

    5.

    6.

    7.

    Ұсынымдар

    Жүйріктер жарысы  жүз шақырымға созылды

    Жүйріктер жарысы жүз шақырымға созылды

    1 year ago
    Қонаев дәрігерлері ауыр хәлдегі науқасты аман алып қалды

    Қонаев дәрігерлері ауыр хәлдегі науқасты аман алып қалды

    2 years ago
    Басты мақсат – халықтың әлеуетін арттыру

    Басты мақсат – халықтың әлеуетін арттыру

    9 months ago
    Ұйғыр ауданындағы таулы аймақтағы елді мекендер газға қосылады

    Ұйғыр ауданындағы таулы аймақтағы елді мекендер газға қосылады

    10 months ago
    БАКУДЕГІ БЕРДІБЕК ТОЙЫ

    БАКУДЕГІ БЕРДІБЕК ТОЙЫ

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>