-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Идеология

    Елдіктің белгісі биікте болсын

    05.06.2024
    in Идеология
    Елдіктің белгісі биікте болсын
    0
    SHARES
    16
    VIEWS

    Халқымыздың рухын оятып, жігерлендіре түсетін ерекше мерекенің бірі – Мемлекеттік рәміздер күні. Көк Туымыз биікте желбіреп, Әнұран әуелеп тұрғанда кез келгеніміздің кеудемізді қуаныш пен мақтаныш сезімі билейді. Өйткені рәміздер – ел еркіндігінің, егемендігі мен біртұтастығының белгісі.

    Міне, сондықтан да өскелең ұрпақтың бойына отаншылдық қасиетті дарытып, жастардың ел мен жерге деген сүйіспеншілігін оятуда бұл мерекенің жөні бөлек. Осы орайда Еңбекшіқазақ ауданында мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті.

    Алдымен алаңда мемлекеттік Ту көтеру рәсімі болды. Салтанатқа жиналған жұрт Әнұранды асқақтата шырқап, елдік пен ерліктің әуенін әуелетті.

    Мерекелік іс-шарада аудан әкімі Талғат Байеділов тұрғындар мен қонақтарды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.  «Жастар тәрбиесі – жарқын болашақ кепілі. Ал ел мен жерге жаны ашитын, отансүйгіш азамат тәрбиелеу мемлекеттік нышандарды қастерлеуді үйретуден басталады. Егемен елдің көк байрағы – мызғымас мемлекеттігіміздің белгісі екенін естен шығармайық»,  – деген әкім бұл күн тәуелсіз еліміз үшін қандай маңызға ие екеніне тоқталды. Талғат Ескендірұлы жастар тәрбиесіне мол үлес қосып отырған ауданымыздағы Жетісу гуманитарлық колледжі,  Есік кәсіптік техникалық колледжі,  Есік медициналық колледжі және Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі ұжымына алғыс білдіріп, қошеметтеді. Сонымен қатар еліміздің бірқатар өңірінде су тасқынына байланысты табиғи апат аймағындағы тұрғындарға гуманитарлық және қаржылай көмек көрсеткен аудан кәсіпкерлерін алғыс хаттармен марапаттады.

    Мереке концерттік бағдарламамен жалғасып, тыңдарманның жігерін жанитын рухты әндер орындалды, аудан өнерпаздары ән-күйден шашу шашты. Жастар мен аудан спортшылары «Көк тудың желбірегені» әнімен мерекелік флэшмоб тарту етті. Сондай-ақ мерекеге орай автошеру ұйымдастырылып, Мәдениет үйінің алдынан ту көтеріп шыққан көліктер ауданымыздың мақтанышы – Есік көліне дейін жүріп өтті.

    Бабаларымыз қашанда туын биік ұстап, сын сағатта байрақ астына бірігіп, тұтастығын танытқан. Халқымыз «Туың жығылмасын» деген бір-ақ сөзбен байрақтың ел өміріндегі маңызын жеткізе білген. Туымыз әркез желбірей берсін.

    Құралай Мұратқызы,

    Еңбекшіқазақ ауданы

     

    1 of 7
    - +

    1.

    2.

    3.

    4.

    5.

    6.

    7.

    Ұсынымдар

    «Аманат» партиясынан Мәжіліске баратын депутаттар тізімі жарияланды

    «Аманат» партиясынан Мәжіліске баратын депутаттар тізімі жарияланды

    2 years ago
    ЖОЛБАРЫСПЕН АЙҚАСҚАН

    ЖОЛБАРЫСПЕН АЙҚАСҚАН

    8 months ago
    Шекарадан кете алмайтын офицер

    Шекарадан кете алмайтын офицер

    4 months ago
    Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау басталды

    Кеген ауданында ең қарт және ең жас сайлаушы дауыс берді

    2 years ago
    Қазақстанда балалар қызылшамен ауыра бастады

    Қазақстанда балалар қызылшамен ауыра бастады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>