-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Партия

    Алматы облысында «Таза бейсенбі» акциясы бастау алды

    06.06.2024
    in Партия, Экология
    «Таза бейсенбіге» белсене қатысты
    0
    SHARES
    21
    VIEWS

    Акцияның алғашқы күнінде өңірдегі 3 мыңнан астам аманаттық қатысты

    «AMANAT» партиясы тазалық мәдениетін қалыптастыратын «Таза бейсенбі» жобасын қолға алды. Бұл акция елдімекендер аумағын қоқыстан тазартуға, абаттандыру мен инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

    Мәселен, бүгін акция аясында Іле ауданына қарасты Байсерке ауылының 200-ге жуық азаматы таңертеңнен түске дейін көше бойын тазартып, 40 тоннадан астам қоқыс шығарды.

    «Бүгін ауқымды шара өтіп жатыр. Аманаттықтардың ұйытқы болуымен басталған бұл акцияны «Таза Қазақстан» жобасының жалғасы деп білемін. Алдағы уақытта да тәртіп пен тазалықты сақтауға бағытталған бұл істі жалғастыруымыз қажет», – дейді Байсерке ауылдық округі ақсақалдар алқасының мүшесі Хамит Абдин.

    Ал облыстық партия филиалының төрағасы Қуат Байғожаевтың айтуынша, еліміздің тазалығы мен әсем табиғатына қамқорлық жасайтын экологиялық қоғам құруымыз қажет.

    «AMANAT» жетекші партия ретінде тазалық мәдениетін қалыптастыратын «Таза бейсенбі» жобасын қолға алып отыр. Бұл бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бір реттік науқан емес. Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізілмек. Мәселен, бүгінгі шараға облыс бойынша 3 мыңнан аса тұрғын қатысуда. Біз қоғамдағы вандализмнің көріністеріне төзбейтін заң мен тәртіптің үстемдігі қағидатына сәйкес келетін саналы қоғам құруымыз керек», – дейді Қуат Байғожаев.

    Айта кету керек, партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасы аясында 2027 жылға дейін барлық аудан орталықтарындағы және Қонаев қаласында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою міндеті тұр.

    Онымен қоса, өңірде полигон және кешенді қоқыс тиеу мен сұрыптау төрт алаңы салынбақ. Сондай-ақ барлық ауылдарда қоқысты бөлек сұрыптауға және құрамында сынап бар қалдықтарды жинауға арналған кемінде 1 мың контейнер орнатылады.

    AMANAT партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

    View this post on Instagram

    A post shared by Алатау Арайы (@alatau_araiy_gazeti)

    Ұсынымдар

    «Жасыл ел» еңбек жасағына қабылдау басталды

    «Жасыл ел» еңбек жасағына қабылдау басталды

    11 months ago
    Елдің энергетикалық тәуелсіздігіне қадам жасалады

    Елдің энергетикалық тәуелсіздігіне қадам жасалады

    8 months ago
    Арманы орындалған ардагер

    Арманы орындалған ардагер

    4 months ago
    Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық олимпиадалық даярлық базасын аралады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық олимпиадалық даярлық базасын аралады

    2 years ago
    Президент: Құмар ойындарға шектеу күшейеді

    Президент: Құмар ойындарға шектеу күшейеді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>