-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жауапкершілік жүгі жоғары

    17.06.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мемлекеттік қызмет
    Алматы облысында әдеп жөніндегі кеңес отырысы өтті
    0
    SHARES
    18
    VIEWS

    Қонаев қалалық әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы  бойынша әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде келелі 6 мәселе қаралып, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарының лауазымды тұлғаларына қатысты тәртіптік істер талқыланды. Департамент басшысы, әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Арсен Жақыповтың жетекшілігімен өткен жиында жауапкершіліктің жалпыға ортақ екені айтылып, мемлекеттік қызметкерлердің ел үшін еңбек етуі басты міндет екені тілге тиек болды. 

    Алғашқы мәселе ретінде Талғар ауданы әкімінің орынбасары Оразхан  Қаспақбаевтың тәртіптік ісі қаралды. Тәртіптік шара бойынша әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының бас маманы Әмір Имангелдінов баяндама жасап, аталмыш істің егжей-тегжейлі зерттелгенін тілге тиек етті.  Мемлекеттік қызметкерлердің құқықбұзушылықтары туралы жарияланған сын  мақалаларға және басқа да ақпараттық материалдарға  мониторинг жүргізу барысында әлеуметтік желілерде Талғар ауданы әкімінің орынбасары Оразхан Өмірханұлы қызметтік міндеттерін атқару кезінде әдеп нормаларын бұзғаны байқалған. Әмір Серікбайұлы әдеп кеңесінің назарына іліккен Талған ауданы әкімінің орынбасарына қатысты жайттың жай-жапсарын жеткізіп, мәселені толық баяндады. Орын алған олқылықты талқыға салған әдеп кеңесінің мүшелері Оразхан Қаспақбаевқа қатысты тәртіптік істі қарау қорытындысы бойынша Әдеп кодексінің 6-тармағының 4,5-тармақшаларын бұзғаны үшін аталмыш мемлекеттік қызметкерге сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынды.

    Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша Еңбекшіқазақ ауданы Масақ ауылдық округінің әкімі Руслан Жақабайға қатысты тәртіптік іс қаралды. Кеңес мүшелері  Руслан Рыскелдіұлына қатысты жеке және заңды тұлғаларға құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруына ашық кедергі жасау түріндегі мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық белгілерінің болмауына байланысты тәртіптік істі тоқтату туралы шешім шығарды.

    Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтың алдын алу  бойынша Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары Ертай Нұрмаханов баяндама жасады. Сондай-ақ ол Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі жүргізген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария етті.  Келесі сөз кезегін алған  Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Мақат Мемелбеков баяндама жасап, атқарған қызметтері жайлы сөз қозғады.

    Кеңес отырысын қорытындылаған Арсен Жақыпов мемлекеттік қызметкерлерге қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында анықталған жағымсыз материалдарға жүргізілген талдау нәтижелерін қарап, алдағы уақытта  мұндай олқылыққа жол бермеуге шақырды. Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің  ел алдындағы жауапкершілікті жіті сезініп, жұртшылықпен тіл табысып жұмыс жасауы керектігін алға тартты.

    Құралбек Сәбитов,

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Тыныштықты күзеткен

    Тыныштықты күзеткен

    5 months ago
    Қуғын-сүргін құрбандарына тағзым

    Қуғын-сүргін құрбандарына тағзым

    11 months ago
    Тоғысқан тағдыр

    Тоғысқан тағдыр

    2 months ago
    Балабақша педагогтерінің жалақысы өседі

    Балабақша педагогтерінің жалақысы өседі

    2 years ago
    Облыс бюджетінің жобасы қаралды

    Облыс бюджетінің жобасы қаралды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.