-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Саябақ ашылды

    24.06.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Саябақ ашылды

    SONY DSC

    0
    SHARES
    19
    VIEWS

            Халқымызда «Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді, жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді» деген аталы сөз бар. Расында туған жерді көркейту мен көгалдандыру баршаға ортақ іс әрі ұрпақтың жарқын болашағы үшін жасалған ізгі қадам.

    Кеген ауданы Жалағаш ауылында көптен күткен саябақ ашылды. Бұл игілікті іске «Ауылым – алтын бесігім, туған жер – өмірдің қайнар бұлағы» қорының ұйымдастыруымен ауыл жұртшылығы жұмыла кіріскен.  Нәтижесінде айнала жасыл желекке оранып, ауылдың ажарын ашты. Бір шақырымға созылған саябақта шырша, ақ қайың, терек, сирень ағаштары жайқалып тұр. Жарықшам мен бейнебақылау камералары да орнатылған.

    Саябақтың ашылу салтанатына ақсақалдар, әкімдік өкілдері, ауыл тұрғындары мен қонақтар қатысты. Жалағаш ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Әріп Сыбанбаев жиналғандарға ақ батасын берді. Ақ жаулықты аналар шашу шашты. Кеген ауданы әкімінің орынбасары Медет Исаев құттықтай сөз сөйледі.

    • Жақсы істің басында жүрген ел ағаларына, жастарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Кеген ауданында 34 елдімекен болса, Жалағаш – үлгі боларлық ауылдар қатарында. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, қолға алған істеріңіз берекелі болсын, ынтымағымыз ешқашан ажырамасын! – дей келе, көгалдандыруға атсалысқан бір топ азаматты аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.

    Облыстық ардагерлер қоғамының төрағасы Бекзат Махатов, аудандық мәслихат депутаты Нұргүл Қызайбекова, Жалағаш ауылдық округінің әкімі Айгүл Садырова, ауыл азаматтары Мейірбек Тұрлығожаев, Меркібай Молдамұратов, Жанат Сағынбаев, Дархан Боранбаев, Шопан Алиев, Айқын Қарағұловтар сөз алып, ризашылығын білдірді.

    Шара барысында туған жер үшін айрықша еңбек сіңірген ата-әжелердің иықтарына шапан жауып, құрмет көрсетілді. Жергілікті өнерпаздар әуелете ән шырқап, күмбірлете күй төкті.

    • Саябақтың ашылғанына өте қуаныштымыз. Бұл – ауылдың мәдени өміріндегі жағымды жаңалық болды. Туған жеріміз көркейе берсін! – деді ауыл тұрғыны Көпжасар Нұрлыбаев.

    Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта саябақ аумағы кеңейіп, көгалдандыру жұмыстары ары қарай сәтімен жалғасатын болады. Жаңашылдыққа бет бұрған жалағаштықтардың мақсаты айқын, арманы асқақ!

     

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Еңбек жәрмеңкесінде 100-ге жуық жұмыс орны ұсынылды

    Еңбек жәрмеңкесінде 100-ге жуық жұмыс орны ұсынылды

    1 year ago
    Үшем дүниеге келді

    Үшем дүниеге келді

    11 months ago
    Мәжіліс онлайн-платформа және онлайн-жарнама туралы заң жобасын мақұлдады

    Онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы заң күшіне енді

    2 years ago
    ЖАСТАР ЖОЛЫҒЫМЫЗДЫ ЖАЛҒАСА…

    ЖАСТАР ЖОЛЫҒЫМЫЗДЫ ЖАЛҒАСА…

    3 weeks ago
    Президент Бердібек Сапарбаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

    Президент Бердібек Сапарбаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.