Перейти к содержимому

Заречныйдағы темірбетон зауыты басшылығы: Өндірісті кеңейтуге энергия қажет

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Заречный ауылына жұмыс сапары барысында «Магнетик» ЖШС-ге барып, серіктестіктің мәселелерімен танысты. Серіктестік басшылығының айтуынша, зауыттың негізі 2000 жылдары қаланған. Қазіргі таңда зауытта 4 цех жұмыс істеп тұр. Қосымша 3 цехтың… 

Қонаев қаласының кәріз жүйелерін жаңартуға 10 млрд теңге бөлінді

Бұл жайында қала тұрғындарымен кездескен облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев мәлім етті. Оның сөзінше, Жалпы қалада кәріз тазарту жүйесінің 80 пайызы тозған. «Биыл кәріз-сорғы стансаларын қайта жаңартудың құрылыс-монтаждау жұмыстарына 10 млрд. теңге бөлінді», – деді аймақ… 

Облыста діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр

Облыс аумағында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Аталған шара Қазақстан Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің ұйытқы болуымен өткізілуде. Қазіргі таңда діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу жөніндегі республикалық… 

Талғарлықтардың талабы тыңдалды

Сәрсенбінің сәтінде Бесағаш ауылындағы Мәдениет үйінде облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев талғарлықтармен кездесіп, келелі мәселелер түйінін тарқатты. Тұрғындарды елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси шаралардан хабардар еткен облыс басшысы алдағы міндеттер мен негізгі бағыттарды да айқындап… 

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін күшейтетін «Парыз» конкурсы басталды

Қазақстанда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін күшейту мақсатында «Парыз» конкурсы басталды. Конкурс аймақтық және республикалық деңгейде өтеді. Оған жеке кәсіпкерлер қатыса алады. Конкурс жеңімпаздары үш категория арасында анықталады: шағын кәсіп субъектілері, орта кәсіп субъектілері жәее ірі кәсіп… 

Алматы іргесіндегі ықшамаудан тұрғындары ауыз су тапшылығына шағымданды

Алматы облысы әкімінің жұртшылықпен кездесуінде тұрғындар бірқатар мәселелерді көтерді. Оның бірі – Бурабай шағын ауданында ауыз судың тапшылығы. Тұрғынның айтуынша, Мемлекет басшысы Алматы облысының ауыз су мәселесін шешу туралы тапсырманы бергелі бірнеше жыл өткен. Алайда,… 

Талғар ауданы мектептерінде 6500-ге тарта оқушыға орын тапшы

Аудан тұрғындарымен кездесуде үш ауысымды мектеп мәселесін қозғаған облыс әкімі мұнда 6456 оқушыға орын тапшы екенін атап өтті. «Білім беру саласында өзекті мәселе – үш ауысымды оқытуды жою. Облыс бойынша осындай 52 мектептің 6-уы осы… 

Талғар ауданында 19 мыңнан астам кәсіпкерлік субъекті жұмыс істейді

Бұл туралы Бесағаш ауылының Мәдениет үйінде Талғар ауданы тұрғындарымен кездескен облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев айтты. «Экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі – шағын және орта бизнесті дамыту. Облыста 125,8 мың шағын және орта кәсіпкерлік… 

Үкімет: Биыл инфляцияны 2 есеге төмендетуіміз керек

Нақты әлеуметтік-экономикалық нәтижеге қол жеткізу үшін бюджет параметрлерінің қатаң сақталуын және қаражаттың тиімді бөлінуін қамтамасыз ету қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов мәлімдеді. «Бағаның өсуін тежеуге күш салу қажет. Мақсатымыз – биыл инфляцияны… 

Министр: Төрт айда экономика 5 пайызға өсті

Осы жылдың 4 айында ел экономикасы 5 пайызға өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты. «Биыл 4 айда өткен жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда Қазақстан экономикасы 5 пайызға өсті. Оның ішінде нақты сектордағы…