Перейти к содержимому

Сайланудың жөні бөлек

Биыл Еңбекшіқазақ ауданында бірқатар ауыл әкімдері сайланды. Соның ішінде Масақ ауылдық округін басқарып отырған Руслан Жақабай да бар. Демократиялық үрдіске сай ұйымдасқан жаңашыл шараның әсері мен жауапкершілігі қандай деген сұраққа жауап іздеп, замандасымызды әңгімеге тартқан… 

Талғарда «Жанұя» орталығы көпбалалы аналарды мерекемен құттықтады

Көктемнің шуағымен жеткен әйелдер мерекесіне орай Талғар аудандық «Жанұя» отбасына қолдау көрсету орталығының қызметкерлері ақ дастарқан жайып, көпбалалы аналардың басын қосты. Аудандағы әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың өмір сүру сапасын жақсарту және көпбалалы аналардың қиын жағдайларды… 

Мыңдаған баланың талабын ұштаған өнер мектебі

Балалар шығармашылығын дамытуда «ART SPORT» мемлекеттік бағдарламасының тигізіп отырған пайдасы орасан. Осылай деуімізге Талғар қаласында орналасқан «ART PRODUCTION» атауын еншілеген өнер мектебінің жетістігі дәлел болса керек. Осыдан бес жыл бұрын алақандай ауылда негізі қаланған өнер… 

Ана мен баланы қолдау — әлеуметтік мемлекеттің басты қағидасы

Ана мен баланы қолдау – мемлекеттің басты бағыттарының бірі. Бүгінде мемлекетімізде балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесі әр түрлі өмірлік жағдайды қарастырады және мемлекеттік бюджеттен төленетін мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдердің 5 түрін қамтиды. Атап айтқанда: –… 

«Сахнаға шақырса, қазір де билеуге бармын»

Қашан көрсеңіз де жүзінен мейірім шуағы төгіліп тұратын бұл кісіні ауданда «Биші апа» атап кеткен. Мейраш апаны көпшілік жақсы таниды. Алайда құжат бойынша есімінің Үмітжан екенін екінің бірі біле бермейді. Бүгінде тоқсанға таяған апамызбен мереке… 

«Қазақстан халқына» қоры Алматы облысындағы арнайы мектептің жабдығын жаңартты

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры арнайы мектептерді жарақтандыру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Дәл осындай игі іс Еңбекшіқазақ ауданында көрініс тапты. Қор қаражаты есебінен Есік қаласындағы облыстық зерде бұзылысы бар балаларға арналған мектеп-интернатының құрал-жабдықтары жаңарды. Арнайы білім ордасына… 

Алматы облысындағы мектептердің бірі. Көрнекі сурет

Прокуратура: Жаңалық ауылындағы заңсыз сатылған мектепті қайтаруға тырысамыз

Жаңалық ауылында мектеп ғимаратының заңсыз сатылып кеткені Алматы облысы әкімінің Қарасай ауданы тұрғындарымен кездесуінде белгілі болды. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевпен кездесуде Жаңалық ауылының тұрғыны Гүлнар Кубашеваның айтуынша, 2018 жылы коммуналдық мемлекеттік мекеме басшылығы мемлекет алдындағы… 

Бүтін бір әулет құжатсыз…

Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Бәйдібек би ауылдық округінде дүниеге келген 20 жастағы Гүлім Жүнісова осы өңірдің тұрғыны болса да мектепте мүлде оқымаған. Осы жасына дейін талай есікті қақса да не туу туралы куәлігін, не төлқұжатын рәсімдей… 

Жаңа ғимараттар бой көтеруде

Кеген ауданының қайта құрылғанына биыл – 5 жыл. Өңірде жақсылық мол. Әсіресе, құрылыс саласы бойынша жүргізілген жұмыстар көңіл өсірерлік. Өткен жылы аталған сала бойынша 6171 миллион теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылып, нақты көлем индексі 115,2 пайызға… 

Қарасай ауданының тұрғындары газ бағасы қымбаттағанына наразы

Алматы облысы Қарасай ауданының тұрғындары облыс әкімімен кездесуде газ бағасының қымбаттағанына наразылық танытты. Тұрғындар газға қосылу бағасы 1 миллион теңгеге дейін, ал 1 текше метр газ құны 29,5 теңгеден 34,7 теңгеге қымбаттағанын айтады. Олар бұған…