Перейти к содержимому

Майдангерлерге құрмет көрсетілді

Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толды. Осыған орай Есік қаласындағы Т.Молдағалиев атындағы Мәдениет үйінде ардагерлер бас қосты. Шараға Ауған соғыс ардагерлері, қаза тапқан майдангерлердің жақындары мен колледж студенттері қатысты. Он жылға созылған… 

Қарасудағы қуаныш

Жамбыл ауданының Қарасу ауылдық округінде жергілікті әкімдік ғимараты пайдалануға берілді. Жаңа нысанның ашылуына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Арсен Жақыпов, Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас келді. Аталған округтің орталығы… 

Өлеңмен өрнектелді

Іле ауданындағы М. Мақатаев атындағы №13 орта мектепте Мұқағали онкүндігі аясында қаламгерлер – «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі Қайрат Бестібаев пен «Алатау арайы» газетінің Қарасай ауданындағы меншікті тілшісі Қуат Қайранбаймен кездесу кеші өтті. Игі шараның мақсаты… 

Жер тарихы — ел тарихы

Қаскелең қаласындағы Сулейман Демирел атындағы университетте (SDU) «Ономастика саласы бойынша ізденіс пен тәжірибе» атты семинар өтті. Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйымдастырған алқалы басқосуға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі… 

Бір айда 15 бала жол апатынан мерт болды — ІІМ

Республика бойынша бір айдың ішінде 15 кәмелет жасына толмаған бала немесе жасөспірім жол апатынан мерт болды. «15 ақпаннан бастап ел аумағында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Оның аясында балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған… 

Алматы облысында білім бөлімінің басшысы тергеліп жатыр

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы облысы Іле ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының үстінен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. «Ол Іле ауданының орта мектептерінде іс жүзінде еңбек етпеген адамдарға топ адаммен алдын… 

Ұлттық киім – ұлт айнасы

Қазіргі таңда ұлттық киімдерімізді тек Наурыз мерекесі мен салтанатты жиындарда ғана кию үрдісі бәсеңсіп келеді. Әрбір ою-өрнегінде халқымыз тарихының қайталанбас көрінісі бейнеленген ұлттық киімдеріміз жастардың арасында «трендке» айналып келе жатыр. Сонау ғасырлар легінен қалмай, ұрпақтан-ұрпаққа… 

Газет тарихы тереңде

Өткен ғасырдың ел тәуелсіздігін қайтарып алған тоқсаныншы жылдарының басында Әділет министрі болған Нағашыбай Шәйкенов деген аты аңызға айналған заңгер бар еді. Республикалық «Заң» газетінің бас редакторы болғандықтан оның көптеген конституциялық реформаны жүзеге асырғанына куә болдық.… 

Тұлға туған топырақ

Нарынқол десе – Бердібек, Бердібек десе – Нарынқолдың еске түсетіні заңдылық. Екеуі де – Хантәңіріндей биік, егіз ұғым. Сонау елуінші жылдары Аспантаудан Алматыға аттанған қара бала қаламгерліктің шыңына шығып, алты Алаштың мақтанышына айналды. Балалар әдебиетінің… 

«Алтын адам» мәреге жетті

Есік қаласындағы спорттық сауықтыру кешенінде дзюдо күресінен 2009-2010 және 2012-2013 жылдары туған кіші жасөспірімдер арасында «Алтын адам» республикалық ашық турнирі өтті. Еңбекшіқазақ ауданында тұңғыш рет жалауын желбіреткен жастар арасындағы республикалық жарысқа Абай, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан,…