Перейти к содержимому

КҮРТІ АУЫЛЫНДАҒЫ САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ «ШҰБАТ PARTY» ӨТТІ

  • автор:

Іле ауданына қарасты Күрті ауылдық округінің Ақши ауылында орналасқан № 417 сайлау учаскесінде Құрылтай депутаттарының сайлауы күні ерекше мәдени-этникалық шара – «Шұбат пати» ұйымдастырылды. Сайлауға келген тұрғындарға ұлттық сусын ұсынылып, шара ауыл тұрғындарының азаматтық белсенділігін… 

Іле ауданында жас жұбайлар «Зверополис» кейіпкерлерінің образында дауыс берді

  • автор:

Құрылтай депутаттарының сайлауы күні Іле ауданындағы №995 сайлау учаскесіне ерекше жұп келіп, көпшіліктің назарын аударды. Жас жұбайлар Ақниет Абдыкадиров пен Динара Ибадуллаева танымал «Зверополис» мультфильмінің кейіпкерлері Джуди Хопс пен Ник Уайлдтың образында дауыс берді. Бұл… 

Ұлттық ойындар – ұлттық қазына

  • автор:

№967 сайлау учаскесінде сайлау күніне орай «Ұлттық ойындар – ұлттық қазына» атты ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Шара барысында тұрғындар ләңгі тебу және асық ату ойындарына белсене қатысып, ептіліктері мен мергендіктерін сынады. Ұлттық ойындар – халқымыздың салт-дәстүрі… 

Этномәдени орталық өкілдері сайлауда белсенділік танытты

  • автор:

Іле ауданы, Боралдай кентіндегі №339 сайлау учаскесінде «Русский центр» этномәдени орталығының белсенді мүшелері дауыс беруге келді.Этномәдени орталық өкілдері азаматтық белсенділіктерін танытып, ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси шараға өз үлестерін қосты. Олар сайлау учаскесінде өз таңдауларын жасап,… 

Тәрбиешісін ұмытпаған Бексұлтан

  • автор:

Боралдай кентінде білім алып жүрген жас өрен Бақыт Бексұлтан Ернарұлы бүгін анасы екеуі №344 сайлау учаскесіне келіп, жүрекке жылу сыйлаған ерекше сәттің куәсі болды. Сайлау комиссиясының мүшелері арасынан Бексұлтан балабақшадағы тәрбиешісін бірден танып, қуанышын жасыра… 

Футболшылар сайлауда белсенділік танытты

  • автор:

Сайлау күні Тоқпанов футбол командасының мүшелері азаматтық белсенділіктерін танытып, өздеріне тиесілі №396 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Спортшылар ел болашағына қатысты маңызды таңдау жасау әр азаматтың конституциялық құқығы ғана емес, қоғамдық жауапкершілігі екенін атап өтті.… 

Ел болашағы үшін таңдау жасаған қолөнер шебері

  • автор:

Кәсіпкер Дәулетова Жеңіскүл Дүйсенбекқызы азаматтық таңдауын жасады. Бүгін өтіп жатқан Құрылтай сайлау барысында ұлттық қолөнерді дамытуға үлес қосып жүрген белгілі қолөнерші, кәсіпкер Дәулетова Жеңіскүл Дүйсенбекқызы азаматтық таңдауын жасады. Жеңіскүл Дүйсенбекқызы бала кезінен әжесінен қолөнердің қыр-сырын… 

БЕС КӨЛІК, БІР БАҒЫТ: «СОКОЛ» СТК ӨКІЛДЕРІ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА ЕРЕКШЕ КЕЛДІ

  • автор:

23 тамыз күні Іле ауданының Ақcай ауылындағы №390 сайлау учаскесінің алдына бірінен соң бірі бес автокөлік келіп тоқтады. Олардың арасында бірден көзге түсетін екі Nissan GT-R мен BMW X5 бар. Ерекше автокөліктердің сайлау учаскесіне қатар… 

Құрылтай сайлауы – жауапты таңдау

  • автор:

Құрылтай депутаттарын сайлау – ел болашағына бағытталған маңызды қадам. Бұл – әрбір азаматтың өз таңдауын жасап, мемлекетіміздің дамуына үлес қосатын жауапты сәт. Белсенді азаматтық ұстаным қоғамның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі болып табылады. Әр дауыс –… 

Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?

  • автор:

Кеше партиялар мектептерде, ауруханаларда, зауыттарда және архивтерде сайлаушыларменкездесіп, әр саланың өзекті мәселелерін талқылады. Көтерілген тақырыптар әртүрлі болғанымен, олардыңбәрін біріктірген ортақ өзек – еңбек адамы және оныңкүнделікті мәселелері болды. Көкшетау – болашақ қалалар туралы «Әділет» партиясының өкілдері Ақмола облысыныңтұрғындарымен кездесті. Партияның республикалықсайлауалды штабы ұйымдастырған кездесудекөкшетаулықтар өңір үшін маңызды бастамалардыұсынды. Олардың қатарында кәсіпкерлерге арналғанбірыңғай цифрлық платформаны іске қосу, колледждерге жасанды интеллект технологияларыненгізу, коммуналдық желілерді жаңғырту және жаңажұмыс орындарын құру бар. Өңірлердегі жұмысын жалғастырған «Әділет» спортшылармен, жаттықтырушылармен, өнеркәсіпкәсіпорнының ұжымымен, сондай-ақ туризм жәнешипажай-курорт саласының өкілдерімен кездесті. Кездесулерде спортты, туризмді, кәсіпкерлікті жәнеагроөнеркәсіп кешенін дамыту, фермерлерді қолдаумен ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеумәселелері талқыланды. Кездесулердің бірінде Ақмола облыстықолимпиадалық резервті даярлау орталығыныңәдіскері Екатерина Круглик балалардың тұрғылықтыжеріне немесе отбасының материалдық жағдайынақарамастан тегін спорт секцияларына теңқолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Мектеп – реформаның бастауы ЖСДП елдің болашағы білім беру жүйесінебайланысты деп есептеп, осы тақырыпқа арналғанарнайы конференция өткізді. Депутаттыққакандидаттар, педагогтер мен сарапшылар білімсапасы, кадр тапшылығы, мектепинфрақұрылымының жай-күйі және мұғалімдердіқолдау мәселелерін талқылады. Талқылау қорытындысында қатысушылар бір пікіргекелді: мектепте жүйелі реформалар жүргізілмейінше, бәсекеге қабілетті мемлекет туралы айту қиын. Сол күні білім беру тақырыбына қатысты өзұстанымын Respublica партиясы да білдірді. Кандидат Нұргүл Тау Қазақстан халық партиясыныңPISA нәтижесі төмен мектептерге айыппұл салу туралы бастамасын сынға алып, мұндай тәсілмәселені шешудің орнына кінәліні іздеугеұқсайтынын айтты. Оның пікірінше, ауыл мектептері бастапқыдан-аққалалық мектептермен тең жағдайда емес. Сондықтан олардан бірдей нәтиже талап ету – орынсыз, ал мұғалімдерді жазалау білім беру жүйесінің әлсіздігін ғана көрсетеді. Respublica басқа жолды ұсынады. Партия мұғалімдерді жазалаудың орнына білім беру ортасындамыту мен педагогтерді қолдауды құптайды. Экология – дәрігерлер көзімен «Байтақ» партиясы үшін экология мәселесіденсаулық сақтау саласымен тығыз байланысты. Кеше бұл ұстаным іс жүзінде көрініс тапты. Кандидат Таир Сағымбаев Ақтаудағы №2 қалалықемхананың ұжымымен кездесті. Кездесу барысындамедицина саласының жай-күйі, өңірдің экологиялыққауіпсіздігі және пациенттерді әлеуметтік қорғаумәселелері талқыланды. Партияның пайымынша, нақты шешімдер кеңсеқабырғасында емес, күн сайын халықпен жұмысістейтін мамандардың пікіріне сүйене отырыпқабылдануы тиіс. Тарихи жады – саяси күн тәртібінде Қазақстан халық партиясы кеше тарихи жадытақырыбына ерекше назар аударды. Партия іздестіружұмыстарын, архивтік зерттеулерді және патриоттықжобаларды қолдау мақсатында «Мемориалдықаймақ» бірлестігімен ынтымақтастық туралымеморандумға қол қойды. Партия төрағасы Нұрсұлтан Шоқановтың айтуынша, оның арғы атасы ондаған жыл бойы хабар-ошарсызкеткендер қатарында саналып келген. Кейін іздестіружасағы оның жерленген орнын анықтаған. ҚХП бұл бастаманы ата-баба ерлігіне тағзым етудіңжәне тарихи шындықты сақтаудың маңызды бөлігідеп есептейді. Кеншілер өлкесіндегі кездесулер Кеше Қостанай облысына төрағасы ҚайратАйтуғанов бастаған «Ауыл» партиясы барды. Ол еңбек ұжымдарымен, партия белсенділерімен жәнеауыл тұрғындарымен кездесіп, агроөнеркәсіпкешенін дамыту, кәсіпкерлікті қолдау жәнеинфрақұрылымды жаңарту мәселелерін талқылады. Сапар барысында Айтуғанов өзінің еңбек жолыбасталған «Қазпошта» ұжымымен де кездесті. Сапар жастар волонтерлерімен бірге өткен үгіт-насихатакциясымен аяқталды.…