Перейти к содержимому

Құрылтай — ұлттық мұра мен руханиқұндылықтарды ұлықтайтын маңызды алаң

  • автор:

Қазақстан Республикасы Құрылтайы – қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, түрлі саланың өкілдері пікір алмасатын маңызды қоғамдық алаң. Бұл алаңда көтерілетін бастамалар елдің рухани, мәдени және әлеуметтік дамуына серпін беріп, қоғам үшін маңызды мәселелердің жан-жақты қарастырылуына мүмкіндік береді. Мәдениет саласының өкілі ретінде ұлттық мұраны сақтау, тарихи сананы нығайту және рухани құндылықтарды дәріптеу мәселелері әрдайым назарда болғаны маңызды деп есептеймін. Өйткені мәдениет — ұлттың тарихи жады мен рухани келбетін айқындайтын басты құндылықтардың бірі. Жаһандану жағдайында ұлттық болмысымызды сақтап, мәдени мұраны келер ұрпаққа жеткізу — ортақ міндет. Құрылтай аясында мәдениет, білім және руханиятқа қатысты ұсыныстардың талқылануы қоғамдағы бірлік пен сабақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тарихи мұраны сақтау және жас ұрпақтың туғанелдің тарихы мен мәдениетіне құрметін арттыру — болашаққа бастар маңызды бағыттардың бірі. Рухани бай қоғам ғана өзінің тарихи тамырын сақтап, тұрақты дамуға қол жеткізе алады. Салтанат ЖамбуловаЖамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалдықмузей директоры

Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда

  • автор:

Құрылтай сайлауына дейін күн жақындаған сайын сайлауалды науқан да ұраннан гөрі нақты ұсыныстарға көбірек сүйене бастады. Кеше партиялар пікірталасты телеэфирден қоғамның нақты сұранысы қалыптасатын орындарға – өндіріс орындарына, әлеуметтік мекемелерге және өңірлік жұмыспен қамту орталықтарына… 

Алматы облысында құрылыс индустриясындағы еңбек мәселелері талқыланды

  • автор:

Алатау қаласында «Әділет» партиясының сайлауалды штаб мүшелері «Кнауф Гипс Қапшағай» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Жүздесуде өндірістің тұрақты жұмысы, еңбек қауіпсіздігі және кәсіби мамандар даярлау мәселелері сөз болды. «Кнауф Гипс Қапшағай» кәсіпорны құрылыс саласына қажетті гипсокартон… 

Құрылтай депутаттарының сайлауында қалай дауыс беруге болады?

  • автор:

Ең алдымен өзіңіздің сайлаушылар тізімінде бар-жоғыңызды тексеріңіз. Мұны 7 тамыздан бастап жасауға болады. Одан кейін дауыс беретін сайлау учаскеңіздің мекенжайын және оның жұмыс уақытын нақтылап алыңыз. Сайлауға қатысатын партиялардың атауымен ғана шектелмей, сайлауалды бағдарламаларымен де… 

ОСК сайлаушылар туралы мәлімет жариялады

  • автор:

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлаушылар тізіміне тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуде тұрған 12 561 644 Қазақстан азаматы енгізілген. Дауыс беруді өткізу үшін Қазақстанда және шетелде 10 427 сайлау учаскесі жұмыс істейді. 7 тамыздан бастап азаматтар… 

Құрылтай сайлауына дайындық жиыны өтті

  • автор:

Кеген ауданы әкімдігінің мәжіліс залында 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дайындық аясында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Кеңес Қабылбеков, Кеген аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Атабай Әлішер Түлешұлы,… 

Азаматтардың 72%-ы сайлауда дауыс беруге дайын – Еуразиялық интеграция институтының сауалнамасы

  • автор:

Сайлау азаматтардың ел ісіне араласуы мен саяси белсенділігінің маңызды көрсеткіші саналады.Еуразиялық интеграция институты 2026 жылдың 3-13 шілдесі аралығында Қазақстанның 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында азаматтар арасында бетпе-бет (face-to-face) сауалнама жүргізді. Жалпы іріктеу… 

Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді

  • автор:

Еуразиялық интеграция институты 2026 жылғы 16-26 шілде аралығында Құрылтай сайлауы алдында қазақстандықтардың сайлау қалауы мен саяси мінез-құлқын зерттеу мақсатында Қазақстанның 17 облысында және Астана, Алматы, Шымкент қалаларында жаппай сауалнама (face-to-face) әдісімен екінші әлеуметтанулық зерттеу жүргізді.… 

Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктерден қалай сақтану керек?

  • автор:

Ақпараттық кеңістікте жасанды интеллект технологияларының көмегімен дайындалған, саяси партиялар өкілдерінің бейнесі заңсыз пайдаланылған бейнематериалдардың таралуы тіркелуде. Мұндай материалдар қоғамдық пікірге ықпал ету және ақпараттық манипуляция жасау құралдарының бірі саналады. Олар сайлау процесіне қатысушылардың беделін түсіруге,… 

Алматы облысының тұрғындарының назарына!

  • автор:

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді. Бұл – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Әрбір азаматтың белсенді азаматтық ұстанымы мен өз таңдауын жасауы еліміздің болашағына бейжай қарамайтынын білдіреді. Сондықтан сайлауға қатысу…