Алматыдағы көпсалалы клиникалық ауруханасында 20-24 ақпан аралығында Үндістанның Нью-Дели қаласындағы «Accord» жоғары мамандандырылған клиникасының дәрігерлері науқасқа кеңес беріп, ем-дом жасады. Шетелдік тәжірибелі мамандар төрт күнде 110 адамның денсаулығын тексеріп, кеңес берді. Науқастардың дені Алматы облысының шалғай аймақтарынан келген. Талдықорған мен Шымкенттен келген науқастар да бар.
Үндістаннан хирург, травматолог, нефролог сияқты дәрігерлер келген. Солардың бірі – лапароскопиялық хирургияға машықтанып жүрген Прабал Рой. Жақсартылған лапароскопия және жақсартылған лазер әдістерін меңгерген Прабал Рой мұнда отаға қатысты.
«Бірнеше күнде Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында үлкен тәжірибе алдым. Мәселен, мұндағы дәрігерлердің науқастарды тиімді әдістермен емдейтінін көрдік. Сондай-ақ, біз өз технологияларымыз бен ақпараттарды бөлістік” – дейді, дәрігер.
“Біз төрт күнде 100 шақты тұрғынды қабылдадық. Олар еліміздің әр түкпірінен келген. Бұл Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының үздік медицина мекемесі екенін көрсетеді”, – деді травматолог-дәрігері Юврадж Кумар.