-13 °c
Qonaev
Saturday, May 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Мемлекет басшысы азық-түлік инфляциясының басты себебін атады

    19.04.2023
    in Ауыл тынысы, Ауыл шаруашылығы, Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Өңір тынысы, Үкімет, Экономика
    Мемлекет басшысы азық-түлік инфляциясының басты себебін атады
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қазақстанда азық-түлік тауарлары бағасының қымбаттауына ауылшаруашылығы және өндіріс саласының дамуында нақты нәтиженің болмауы себеп деп мәлімдеді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Астанада бүгін үкімет мүшелері, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, Парламент палаталарының спикерлері, комитеттер мен фракция жетекшілері қатысқан жиында Мемлекет басшысы төрағалық етіп, баяндама жасады.

    «Азық-түлік тауарларының бағасы кейінгі 15 жылда болмаған деңгейге жетті. Биыл ақпанда инфлия 21,3 пайызды құрап, шарықтау шегіне жетті. Жұрттың ай сайын жұмсайтын қаржысының тең жартысынан көбі азық-түлік алуға кетеді. Үкіметтің әрекеті жеткіліксіз болып отыр. Тыйым салу және шектеу шаралары уақытша ғана әсер етеді. Мұндай қадамдар қиындықтың бетін қайтарса да, одан біржола құтылуға мүмкіндік бермейді, тіпті, мәселені ушықтырады деуге болады» деген Президент елімізде өндірілетін тауардың көлемі ішкі сұранысты қамтамасыз етуге жетпейтінін, импортқа тәуелділік жоғары екенін айтты.

    Президент бұл мәселені шешу үшін үкімет агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында жұмыс істеуі тиіс екенін баса айтты. Үкіметтің алдындпа тұрған міндеттердің бірі ретінде Мемлекет басшысы бизнес ауылшаруашылық өнімдерін сақтау және өткізудің заманауи инфрақұрылымын құруды жеделдету қажетін айтты.

    «Көп жағдайда аталған инфрақұрылымның жоқтығы басы артық делдал құрылымдарға және бағаның үстемеленуіне алып келеді. Жыл сайын 8 миллион тоннадан астам көкөніс пен картоп жиналады, ал елдегі көкөніс сақтайтын қоймалардың сыйымдылығы небәрі 1,7 миллион тонна. Бұл көрсеткіш асыра айтылған болуы да мүмкін. Елдегі көкөніс сақтау қоймаларының 60 пайызында тоңазтқыш жоқ, 30 пайызының қызмет көрсету мерзімі 20 жылдан асып кеткен. Нәтижесінде жиналған өнімді сақтау кезінде шығын 35, кейде 40 пайызға жетеді», – деген Президент үкімет бұл мәселені шешумен жүйелі түрде айналысуы тиіс екенін баса айтты.

    Көкөніс сақтау қоймалары Алматы облысында да тапшы. Бұған дейін облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Кеген, Райымбек аудандарының тұрғындарымен есеп беру кездесуінде аудандарда жиналған ауылшаруашылық өнімдерін сақтайтын қоймалар тапшы екенін айтқан.

    Tags: ауылшаруашылығы өніміинфляциякөкөністабыс

    Ұсынымдар

    Қазақстанда ерлерден әйелдер көбірек – Халық санағы

    Қазақстанда ерлерден әйелдер көбірек – Халық санағы

    2 years ago
    “Көш бастау үшін Отансүйгіш, халықшыл болу керек”

    “Көш бастау үшін Отансүйгіш, халықшыл болу керек”

    2 years ago
    Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

    Парламент палаталарының бірлескен отырысы белгіленді

    2 years ago
    У ПОДВИГА НЕТ СРОКА ДАВНОСТИ

    У ПОДВИГА НЕТ СРОКА ДАВНОСТИ

    1 year ago
    Алматыда «Senat Open» шахмат турнирі басталды

    Алматыда «Senat Open» шахмат турнирі басталды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.